31.01.2015, 16:22 7648

Ермек Қизатов "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Қизатов Ермек Инуарбекұлы 1961 жылы 6 тамызда Ақмола облысында д?ниеге келген

Астана. 31 қаӊтар. Kazakhstan Today - "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне Ермек Қизатов тағайындалды

Қизатов Ермек Инуарбекұлы 1961 жылы 6 тамызда Ақмола облысында дүниеге келген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол Алматы темір жол инженерлер институтын темір жол құрылысы және темір жол шаруашылығы мамандығы бойынша тәмамдады. Техника ғылымдарыныӊ докторы, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Е. Қизатов еӊбек жолын Целинный темір жолындағы Новоишим стансасыныӊ маманы қызметінен бастаған. Целинный темір жолы, "Қазақстан темір жолы" РМК, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да басшылық қызметтер атқарған.

2008-ші жылдыӊ сәуір айынан бері "ҚТЖ" ҰК" АҚ вице-президенті қызметін атқарды.

"Құрмет" орденініӊ иегері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасыныӊ және темір жол саласыныӊ Құрмет грамоталарын алған, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны