29.02.2008, 18:43 2902

"Ертіс" ИКК-ның басымдық берілген бір бағыты жер қойнауын пайдалану болмақ

"Ертіс" ИКК-ның басымдық берілген бір бағыты жер қойнауын пайдалану болмақ

Семей. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Ертіс" ИКК-ның басымдық берілген бір бағыты жер қойнауын пайдалану болмақ. Бұл туралы агенттік тілшісіне ""Ертіс" ИКК Ұлттық компаниясы" АҚ басқармаларының төрағасы Қадіржан Дамитов хабарлады.

Қазір корпорация басшылығы инвесторлармен жер қойнауын пайдалану саласындағы кәсіпорындар қру жөнінде келіссөздер жүргізуде. "Атап айтсақ, Ертіс мыс балқыту комбинатының қалдықтарын өңдеумен айналысу, сондай-ақ, никель кеніштерін барлауға атсалысу мен құрамында титаны бар шикізатпен жұмыс істеу жобасына қатысу жоспарлануда", - деді Қ. Дамитов.

Бұған қоса корпорация Семейде кірпіш, қиыршық тас пен топырақ-қиыршық тас қоспалары секілді құрылыс материалдарын өндіруді көздеуде.

Бұған қоса жалға берілетін баспана салу мен жеке баспана тұрғызуға арналған инфрақұрылым құру да ИКК жоспарында бар. "Бұл құрылым мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруда шешуші роль атқаруға тиіс. Біз бұл жұмысқа кірісіп те кеттік және алғашқы ұсыныстар келіп түсе бастады", - деді ол.

Қ. Дамитовтың хабарлауынша, жаңа бас жоспарға сәйкес, Семейдің жанында екі серіктес қала салынуға тиіс. "Бұл істе де ИКК-ына үлкен роль тағайындалған. Корпорация инженерлік қамтамасыздықты толықтай өз міндетіне алып, артынан оны бірлесе тарататын болады. Бірақ жердің бір бөлігі қалаға кезекте тұрғандарға тегін беріледі", - деді ИКК жетекшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны