01.04.2008, 19:05 2634

"Ертіс" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік әуе қатынасын жандандырып, Семей мен Өскеменнің әуежайларын жаңартуға ниет білдіріп отыр

"Ертіс" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік әуе қатынасын жандандырып, Семей мен Өскеменнің әуежайларын жаңартуға ниет білдіріп отыр

Павлодар. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік (ИКК) корпорациясы өңірлік әуе қатынасын жандандырып Семей мен Өскеменнің әуежайларын жаңартуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында корпорация төрағасы Қадыржан Дамитов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бізге берілген активтердің қатарында Семей мен Өскеменнің әуежайлары бар. Мен бұл әуежайлардың өте нашар дамығанын айта аламын. Алайда, болашақта инвесторлар тарта отырып олардың жұмысының белсенділігін арттырамыз", - деп атап көрсетті "Ертіс" ИКК басшысы. Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл қалалардың әуежайларынан ұшақтар тек Алматы мен Астанаға ғана қатынайды. Анда-санда чартерлік рейстер шығады. Сондай-ақ, жазда Мәскеуге сирек ұшулар болып жатады.

"Қазіргі бірінші мәселе авиапаркті жаңарту мәселесі. Бұл өте шығынды, қиын мәселе. Бірақ, менің ойымша, жылдар өте келе жұмсалған қаржы өзін-өзі ақтайды", - деп ескертті Қ. Дамитов. Ол ИКК Еуразия даму банкі өкілдерімен кездесу өткізіп үлгергенін және өңірлік авиақатынасты дамытуға инвестиция тарту кездесудің өзекті мәселелерінің біріне айналғанын жеткізді.

"Халықаралық, сондай-ақ, жүк және чартерлік рейстерді дамытудың болашағы бар. Мысалы, өңірдің жақсы серіктестік қатынастары бар Қытаймен әуе қатынасын алып қараңызшы", - деп атап көрсетті Қ. Дамитов.

Оның айтуынша, қазір бұл қалалардың авиапаркіне ескірген көлік құралдары, атап айтқанда, кеңестік кезеңнен қалған Як-40 ұшақтары кіреді.

"Аталмыш жобаға қызығушылық танытып отырған Ресей компаниялары бар. Яғни, олар мұнда жаңа әуе кемелерін әкелуге және өңірдегі авиациялық қатынастарды дамытуға дайын. Алайда, бұның бәрі қазір ауызша келіссөздер сатысында ғана тұр", - деді Қ. Дамитов.

Ол сондай-ақ, үкімет қаулысымен "Ертіс" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 30 кәсіпорынның активтері берілген. Олардың қатарында Өскемен мен Семейдің әуежайлары, "Семей Авиа" авиакомпаниясы, Павлодар трамвай басқармасы, Өскеменнің муниципалдық базары, сәулет және жоспарлау орталықтары және өзге де нысандар бар.

2007 корпорацияны ұйымдастыру мен дамытуға мемлекеттік бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген. ИКК жарғылық қоры 16,5 млн АҚШ долларынан асып жығылады. Корпорацияның штаб-пәтері Семей қаласында орналасқан. Қ. Дамитов хабарлағандай, ИКК қызметі басталғалы бері корпорацияға жүзден астам кәсіпкер хабарласқан. Сондай-ақ, жаңа бизнес жобаларды ұйымдастыру бойынша 50 жазбаша хат келіп түскен. Олардың қатарында алыс шетелдердің, атап айтқанда, Канада мен Австралияның да бизнесмендері де бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны