19.11.2020, 20:04 10706

Есеп беруде қызметкерлердің санын көрсетпеген жұмыс беруші азаматтардың құқықтарын бұзады

Тек биылдың өзінде жұмыс берушілерге 706 мың қызметкерге қатысты 46 мыңға жуық бұзушылық туралы хабарлама жолданды

Алматы. 19 қараша. Kazakhstan Today - Есеп беруде қызметкерлердің санын көрсетпеген жұмыс беруші азаматтардың құқықтарын бұзады.

Жұмыс беруші қызметкерлер үшін уақытылы аударымдар жасамаған жағдайда, ол олардың құқықтарын бұзады. Өйткені бұл зейнеткерлік өтілін және зейнетақының мөлшерін анықтауға, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басқа шараларына әсер етеді.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жұмыс берушілер жеке табыс салығы бойынша декларациясында қызметкерлердің толықтай көрсетілуіне автоматтандырылған бақылауды бастады. Бұл рәсім ҚР электрондық еңбек келісім-шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек келісімшарттары негізінде жүзеге асырылады.

Сондықтан, Мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігінде барлық қызметкерлерді, олардың нақты кірістерін және зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударымын толық көрсетілу қажеттігін еске салады.

Тек биылдың өзінде жұмыс берушілерге 706 мың қызметкерге қатысты 46 мыңға жуық бұзушылық туралы хабарлама жолданды.

Атап айтқанда, 41 мың жұмыс беруші өз қызметкерлерін көрсетпейді,

5 мың жұмыс беруші 150 мың жұмыскерді салық есептілігінде көрсетпей тапсырады.

Еске сала кетейік, экономиканың жекелеген салалары үшін 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалақы қорынан жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуден босату енгізілген болатын.

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитеті

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны