05.02.2010, 16:52 3348

Есеп комитеті бюджет қаржысын тиімсіз пайдаланғаны үшін ұлттық компаниялардың менеджерлерінен сыйақыларды өндіріп алуды ұсынады

Есеп комитеті бюджет қаржысын тиімсіз пайдаланғаны үшін ұлттық компаниялардың менеджерлерінен сыйақыларды өндіріп алуды ұсынады

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Есеп комитеті бюджет қаржысын тиімсіз пайдаланғаны үшін ұлттық компаниялардың менеджерлерінен сыйақыларды өндіріп алуды ұсынады. Бұл туралы Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев мекемеде өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен мемлекетке шығын келтірген ұлттық компаниялардың менеджерлерінен сыйақылары мен бонустарын өндіріп алу жөнінде заңнамаға норма енгізуді ұсынар едім", - деді Омархан Өксікбаев.

"Жуырда біз Есеп комитетінің отырысын өткіздік, онда бір ұлттық холдингтің басшысы былай деп мойындады, оның сөзін толық келтірейін: "Менеджерлер көп жағдайда кәсіби басқарушылық шешімдер қабылдауға дайын емес". Мен бұған олар қателіктері үшін жауапкершілік жүктеуге де дайын емес деп қосар едім. Ал қолданыстағы заңнамада бұл туралы қарастырылмаған", - деді Есеп комитетінің төрағасы.

Омархан Өксікбаевтың айтуынша, "аса тәуекелді, экономикалық тұрғыда тиімсіз шешімдер қабылдау оқиғалары да бар". "Тіпті елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сол арқылы бюджеттің қыруар қаражатының шығынға ұшырауына алып келген шешімдер бар десем артық айтпаймын", - деді ол.

Мекеме басшысы бұл жерде "Инжиниринг және технологиялар трансферті" АҚ-ындағы бақылау нәтижесін мысалға келтірді. Ондағылар "шетелдік компаниялардың акцияларын 2,7 млрд теңгеге сатып алған, бірақ ол осы сатып алу кезінде-ақ шығынды болған". "Сатып алудан кейін акциялар 1 млрд астам теңгеге, немесе орта есеппен 42%-ға құнсызданған", - деді ол.

Бұған қоса Омархан Өксікбаевтың айтуынша, "республикалық бюджеттен "Ұлттық инновациялық қор" АҚ мен "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын құруға осы жылдарда 70 млрд астам теңге бөлінген".

"Осыған байланысты бұл акционерлік қоғамдардың 2007-2008 жылдардағы қаржылық-шаруашылық іс-қызметінің нәтижесі 25,5 млрд теңгенің шығынына алып келді", - деді Есеп комитетінің төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны