15.01.2009, 17:37 3174

Есеп комитеті Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне техникалық-экономикалық негіздемелерге сараптама жүргізу тетіктерін әзірлеуді ұсынды

Есеп комитеті Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне техникалық-экономикалық негіздемелерге сараптама жүргізу тетіктерін әзірлеуді ұсынды

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Есеп комитеті Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне техникалық-экономикалық негіздемелерге сараптама жүргізу тетіктерін, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуына жауапты орындаушылардың үйлестіру және мониторинг рәсімдерін әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі (ЭБЖМ) бюджеттік өтінімдерді жасау және орындау ережесінің нормаларын орындамаған. Атап айтқанда, "Өзге тауарларды сатып алу" ерекшелігі бойынша 2007 жылы "өзгелер" деген жолдағы шығындар 33,9 млн. теңгеге жоспарланған және онда сатып алынатын тауарлардың не атауы, не сапасы, не құны көрсетілмеген. Аталған соманың 32,7 млн теңгесі "Қосымша ақша төлемдері" деген ерекшелікке жіберілген. Осы сияқты, "Ғимараттарды, үй-жайларды ұстау, жабдықтарды жөндеу және басқа да жұмыстар" деген ерекшелік бойынша белгіленген 15,2 млн теңге шығыстар да қосымша ақша төлемдеріне жіберілген.

2007-2008 жылдары ЭБЖМ қолданбалы зерттеулерге елеулі қаражат бөлген. Сол зерттеулердің тақырыптары мен есептерінде бір-бірін қайталау кездеседі. Шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыптары кең көлемде талқыланбастан әрі жүйелі зерделеусіз бекітіледі, сондай-ақ зерттеулер бойынша есептер тәуелсіз сараптамаға жіберілмеген.

ЭБЖМ 2004 жылдан бастап республикалық инвестициялық жобалардың, ал 2008 жылдан бері концессиялық жобалардың да техникалық-экономикалық негіздемелерін (ТЭН) әзірлеуге және соларға сараптама жүргізуге қаржы бөліп келеді. 2007 жылы 12 инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге республикалық бюджеттен 700 млн теңге бөлінген. 7 жоба бойынша ТЭН әзірленген, ал 5 жоба бойынша, бақылау жүргізген кезеңде, 204,4 млн теңгенің жұмыстары орындалмаған. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың 2009-2011 жылдарға арналған тізбесіне тек 1 жоба енгізілген.

Есеп комитетінің бағалауынша, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы тиімсіз іске асырылған. Бағдарламаны әзірлеуші - ЭБЖМ. Бағдарламада қарастырылған 72 іс-шараның тек 44-і ғана орындалған. Қаланың сол жақ жағалау бөлігінде 1176 орынға арналған орта мектеп салу жоспарланған болатын. Бірақ, бұл мектеп қаланың оң жақ бөлігінде салынған, ал ол жерде қазіргі уақытта 1180 және 960 орынға арналған екі мектеп жұмыс істеп тұр, олардың іс жүзіндегі толымдылығы тиісінше 55% және 90%-ды құрайды. Сонымен қатар, 2008 жылы "Семей қаласындағы қазандықтар мен жылу қуаты орталығының бар қуаттарын жаңғырту, сондай-ақ жылу желілерін жаңарту" жобасын іске асыру барысында 1,3 млрд. теңгеден астам көлемдегі қаржылық бұзушылықтарына жол берілген.

Есеп комитеті Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне техникалық-экономикалық негіздемелерге сараптама жүргізу тетіктерін, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуына жауапты орындаушылардың үйлестіру және мониторинг рәсімдерін әзірлеуді ұсынды. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне қазандықтар мен жылу қуаты орталығының қуаттарын күшейту, сондай-ақ жылу желілерін жаңарту және оларды тұрғын үйлерге қосу жөніндегі технологиялық процестерді қамтитын шағын қалаларды жылумен жабдықтау жөніндегі инвестициялық жобалардың іске асырылу тетіктерін бекіту ұсынылды. Индустрия және сауда министрлігіне үлестік және жеке меншіктегі үй ішілік желілерді жаңартудың тетігін әзірлеудің қажеттілігі көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны