19.05.2008, 19:59 6443

Есеп комитеті "электрондық үкімет" құрудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы кемшіліктерді анықтады

Есеп комитеті "электрондық үкімет" құрудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы кемшіліктерді анықтады

Астана. 19 мамыр- "Қазақстан Бүгін" - Есеп комитеті "электрондық үкімет" құрудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тиімді іске асырылуына бақылау жүргізіп, бағдарламаны қаржы-ресурстық жағынан және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша бірқатар кемшіліктерді анықтады, деп хабарлайды агенттік есеп комитетінің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Есеп комитетінің бағалауы бойынша, мемлекеттік бағдарлама бірыңғай тұжырымдама әзірлеуде кемшіліктерге, маңызды параметрлерді енгізудің синхрондылығына кешенді көзқарастың болмауына байланысты толық іске асырылған жоқ. Көптеген мемлекеттік органдардың "электрондық үкіметті" құрудағы дайындығы жеткілікті деңгейде болған жоқ.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған нормативтік құқықтық және әдіснамалық база толық қалыптаспаған болып шықты. Кейбір салалық заңнамалық нормалар әлі күнге дейін мемлекеттік бағдарламада көзделген электрондық қызметтерді іске асыру мақсатына сай емес.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде жеке күтілетін нәтижелердің қол жеткізілмегендігі бекітілген. 2007 жылдың соңында "электрондық үкімет" шеңберінде ұсынылатын, мақсаты - on-line режимінде қызметтер үшін қолма-қол және қолма-қолсыз төлемдердің автоматтандырылған жүйесін құру болып табылатын "төлем шлюзін" құру жоспарланған болатын. 2007 жылы бөлінген 250 млн. теңгенің 137,9 млн. теңгесі немесе 55,2 %-ы банк жүйесімен өзара қатынасу үшін төлем-ақпараттық шлюзінің прототипін енгізуге баытталған. Нәтижесінде жалпы сомасы 110,6 млн. теңге болатын бағдарламалық қамтамасыз ету, модульдер, құрал-жабдықтар және жөнелту қызметтері сатып алынбады.

Сондай-ақ, kz доменін басқару орталығы жасалмаған. 2005 жылы оны құру үшін техникалық тапсырыс және басқару жүйесінің бағдарламалық қамсыздандырылуы жасалып шығарылды. 2006 жылы 25 млн. теңге сомаға сатып алынған серверлік құрал-жабдық және Cisco Catalist коммутаторы алған сәттен бастап пайдалануға берілген жоқ.

Сонымен бірге, республика халқының белсенді 15 пайызын смарт-технологиялар негізінде жаңа үлгідегі жеке куәліктермен қамтамасыз ету міндеті де іске аспай қалды. Электрондық тәсілмен қалыптасатын құжаттардың заңдық тұрғыдан маңыздылығы мәселесінің шешілмеуіне байланысты көрсетілетін 25 интерактивті электрондық мемлекеттік қызмет бойынша, транзакциялық қызметтерді іске асыру үшін жағдайлар жасау бойынша күтілген нәтижелерге қол жеткен жоқ.

Kazsat спутнигі базасында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің өзара қатынасының бірыңғай көліктік ортасын құру үшін жарғылық капиталда мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ құрылды. 2006 жылы жарғылық капиталдың құрылуына мемлекеттік бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінді.

Бірақ, "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ-ы 2006 жылы мемлекеттік органдарды толығымен телекоммуникация қызметімен қамтамасыз етпеді. Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі 32 әкімшілікте орналыстырылған жер спутниктерінің станциялары 2007 жылы қазіргі уақытта іске қосылған жер құбырларын қолдануға бағытталмаған.

Техникалық-экономикалық негіздемеге қарамастан, "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ-мен тесттік сынақтар үшін 52,9 млн. теңге сомадағы ресурстарды (транспондерлер, радио желілері) қолдануға төлем қарастырылған, бұл мақсаттарға Агенттікпен негізсіз түрде 30,2 млн. теңге бөлінген. Көрсетілген сомадан ұлттық компания транспондерді жалға алу үшін 6,5 млн. теңге төледі. Барлығын алғанда, ұлттық компания тесттік сынақтар үшін "Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік сәйкес келуі орталығы" АҚ-нан 52,4 млн. теңге сомада транспондерлерді жалға алды.

Сервер орталығын технологиялық түрде жабдықтау жоспарланған болатын. Бірақ, ол қажетті қуатта электрлік толықтырумен қамтамасыз етілмеді. 82,1 млн. теңге тұратын екі дизель-генератор сатып алынды, салынып жатырған станция ғимаратының дайын болмағандығынан жабдықтаушыда жауапты сақтауда тұр. Нәтижесінде, 2007 жылы сервер орталығын пайдалану кезеңінде штаттан тыс жағдайлар туындады, шамадан тыс қуатты қолдану себебінен қуаттандырғыш кабелінің автоматы апатты жағдайда сөндірілгені тіркелді.

Сондай-ақ, сервер орталығын технологиялық жабдықтау кезінде Ақпараттандыру және байланыс агенттігі "Казинформтелеком" АҚ-на 6,1 млн. теңге сомада артық төледі және 3,5 млн. теңге тұратын құрал-жабдықтар артық алынды.

"Салық төлеушілер мен салық салу объектілерінің реестері" ақпараттық жүйесінің ("СТмССОР" АЖ-сі) алғашқы енгізу мерзімі Үкіметпен екі рет кейінге - 2003 жылдың 4 тоқсанынан 2005 жылдың 15 қазанына ауыстырылды. Пайдалануға қосылудың соңғы мерзімі 2008 жылдың аяғына бекітілді. Бірақ, осы кезеңге дейін камералық бақылау іске қосылған жоқ. Мемлекеттік органдардың шоғырланбалы мәліметтері өзекті емес, олар салықтық және басқадай міндетті төлемдердің есептелуін және тексерілуін қиындатады.

2006 жылы электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) енгізілмеді. 2001-2006 жылдар аралығында осы жүйеге кеткен шығын 1,7 млрд. теңге болды. Сонымен қатар, оны енгізуге және дамытуға республикалық бюджеттен 2007 жылы мемлекеттік бағдарламада көзделмеген 72,5 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік органдардың ЭҚАБЖ жүйесі тек 2007 жылғы 5 сәуірде ғана тұрақты пайдалануға берілді. Бұл ретте мониторингтің болмауына және оның дер кезінде бөлінбегендігінен, 2005-2006 жылдары сатып алынған 61 млн. теңгенің техникалық құралдары Агенттіктің қоймасында жатып қалған.

ЭҚАБЖ-ны енгізу арқылы ұйымдастыру жұмыстарының шығыстарын қысқарту көзделген болатын. 2007 жылы ЭҚАБЖ жүйесі енгізілген 25 мемлекеттік органның жүргізген шығыстарын 2004 жылмен салыстырып талдау 2007 жылы құжаттарды жіберуге қатысты пошта шығыстарының 75%-ға, қағаз шығысының - 68%-ға, баспа құрал-жабдықтары және оған шығыс материалдарын алу жөніндегі шығыс - 2,6 есе артқанын көрсетті. Бұл ретте хат-хабарларды орау және жіберумен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің құрамы 34%-ға артты. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін қолдауға, байланыс каналын жалға алуға кеткен шығындар жүйеге қатысты өзге де жанама шығыстарды қоса есептегенде 2007 жылы 340 млн. теңгені құрады.

Есеп комитеті Үкіметке осы сектордың әлемдегі соңғы даму үрдістерін есепке ала отырып, біртұтас "электрондық үкімет" құру жөнінде жүйелі іс-шаралар кешенін әзірлеуге ұсыныс берді. Ақпараттандыру және байланыс агенттігін сапалы электрондық қызметпен қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар қызметтерінің бағытын қамтамасыз етуге ақпараттық жүйенің ведомствоаралық үйлестіруші тетіктерін әзірлеу және енгізу жөнінде жауапты қылып белгілеу ұсынылды. "Самғау" холдингіне бақылауындағы ұйымдар мен компаниялардың мемлекеттік бағдарламаны іске асыруын бақылауды қоса алғанда, салаға байланысты жобаларды толыққанды жоспарлап, олардың іске асырылуын бақылау үшін ИТ-секторы саласының даму көрсеткіштері жүйесін әзірлеуге ұсыныстар берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны