23.05.2008, 16:29 2738

Есеп комитеті мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдарға жобаларды жүзеге асыру алдында ғана қаржы бөлуді ұсынып отыр

Есеп комитеті мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдарға жобаларды жүзеге асыру алдында ғана қаржы бөлуді ұсынып отыр

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Есеп комитеті мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдарға жобаларды дәл іске асыру алдында ғана қаржы бөлуді ұсынып отыр. Бұл туралы Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев парламент мәжілісіне 2007 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Есеп комитетінің есебін таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Есеп комитеті жобалардың дайындалуына қарай қаржыны бөлуді ұсынып отыр. Акционерлік қоғам өзінің міндетіне сәйкес нақты жобаны іске асырудың алдында ғана, қаржы бөлу қажеттігі туындағанда ғана ақшаны бөлу керек", -деп мәлімдеді О. Өксікбаев.

Оның пікірінше, қазіргі уақытта қаржы "акционерлік қоғамның жарғылық капиталына деп бір жыл бұрын алдын ала аударылып, қаржы қажет емес кезде беріледі".

"Ирине, бүгінде ол ақша ешқайда жұмсалмайды, оны тек екінші деңгейдегі банктердің депозитіне салуға болады ", - деді О. Өксікбаев.

Есеп комитетінің есеп-қисабының мәліметтері бойынша 2007 жылы 27 акционерлік қоғамға бөлінген 291,8 млрд теңгенің 10 млрд теңгесі негізгі құралдарды сатып алуға кетсе, 14,4 млрд теңге бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарын сатып алуға жұмсалды. Ал екінші деңгейлі банктердің депозиттеріне орналастырылған жалпы қаржы көлемі 139,2 млрд теңгені құрады.

Ол атап өткеніндей, "Ядролық технологиялар паркі" АҚ мен "Ұлттық инновациялық қоры" АҚ 1,2 млрд теңгені "Валют-Транзит банкінің" депозиттік шотына салып, кейін бұл банк банкроттыққа ұшырағанда қаржы қайтарылмай қалды.

"Менің пікірімше, қаржыны осылайша жұмсайтын болсақ онда "Валют-Транзит банктегі" шығындарымыз біздің соңғы шығын болмайды", - деді Есеп комитетінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны