05.02.2010, 17:48 3460

Есеп комитеті "Ұлттық инновациялық қор" мен "Қазақстанның инвестициялық қорына" қатысты материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырды

Есеп комитеті "Ұлттық инновациялық қор" мен "Қазақстанның инвестициялық қорына" қатысты материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырды

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Есеп комитеті "Ұлттық инновациялық қор" АҚ мен "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ қатысты іс материалдарын құқық қорғау органдарына тапсырды. Бұл туралы Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның ақпараытна сәйкес, 2009 жылы "құқық қорғау органдарына 40 материал тапсырылып, олардың 9-ы бойынша қылмыстық іс қозғалған, бірақ соның ішінде сотқа жеткені - төртеу ғана".

Атап айтсақ, Омархан Өксікбаев құқық қорғау органдарына тапсырылғандардың ішінде "Ұлттық инновациялық қор" мен "Қазақстанның инвестициялық қорына" қатысты материалдар да бар екенін растады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін өткен мекеменің отырысында Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевтың айтуынша, "республикалық бюджеттен "Ұлттық инновациялық қор" АҚ мен "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын құруға осы жылдарда 70 млрд астам теңге бөлінген".

"Осыған байланысты бұл акционерлік қоғамдардың 2007-2008 жылдардағы қаржылық-шаруашылық іс-қызметінің нәтижесі 25,5 млрд теңгенің шығынына алып келді", - деді Есеп комитетінің төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны