21.01.2009, 18:15 3133

Есеп комитетінің бағалауынша Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдету шараларының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы тиімсіз іске асырылған

Есеп комитетінің бағалауынша Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдету шараларының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы тиімсіз іске асырылған

Астана. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Есеп комитетінің бағалауынша Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдету шараларының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы тиімсіз іске асырылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштері сан жағынан жақсарғанына қарамастан, Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдету шараларының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы өзінің күтілген нәтижелеріне жеткен жоқ.

Есеп комитеті бағдарламаның тиімсіз іске асырылуын бағдарламаны іске асыруға жауапты қатысушылардың көптігімен байланыстырады. Сондай-ақ, олардың жұмыстары үйлестіріліп жүргізілмегенін әрі жауаптылық деңгейі төмен болғанын атап өткен жөн. Бағдарламаны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеп, Индустрия және сауда министрлігі іске асырған. Іс жүзінде, оның операторы бюджет қаражатын алушы "Даму" шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі - Қор) болды. Индустрия және сауда министрлігі тарапынан тиісті ішкі қаржылық бақылаудың болмауына байланысты Қор шағын кәсіпкерлікті қолдаудың орнына іс жүзінде банк жүйесінің ресурстық базасына әрі банк қызметінің тәуекелін төмендететін органға айналды.

Сөйтіп, республикалық бюджеттен бағдарламаны іске асыруға деп бөлінген 30 млрд. теңгенің тек 11,6 млрд. теңгесі немесе қаржыландыру көлемінің 40%-ы ғана шағын және орта бизнестің қолына тиген. Осылайша, 6 млрд. теңгеден астам қаржы тиімсіз жұмсалып, республикалық бюджет Қор басшыларының кінәсінен 3,5 млрд. теңгеге зиян шекті.

Сонымен қатар, Қор бағдарламаға бөлінген қаражат есебінен екінші деңгейдегі банктердің және түрлі акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын сатып алған. Бюджет қаражатын екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне де салып отырған. Осы ретте шағын кредит берудің тиімді жүйесін құру, шағын және орта бизнес субъектілеріне берілетін екінші деңгейдегі банктердің кредиттеріне кепілдік беру сияқты іс-шаралар орындалмаған.

Есеп комитеті Үкіметке мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа идеологиясын қалыптастыруды аяқтауды ұсынды. "Даму" шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілді.

Есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады, ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны