07.02.2008, 17:41 2395

Есеп комитетінің жанынан қаржылық заң бұзушылықтарды зерттеу орталығы құрылды

Есеп комитетінің жанынан қаржылық заң бұзушылықтарды зерттеу орталығы құрылды

Астана. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының аясында Есеп комитетінің жанынан қаржылық заң бұзушылықтарды зерттеу орталығы құрылды. Бұл туралы Есеп комитетінің бүгін өткен кеңейтілген отырысында мекеме басшысы Омархан Өксікбаев мәлім етті, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Орталықтың іс-қызметі қаржылық заң бұзушылықтардың шығуына түрткі болатын алғышарттар мен себептерді зерттеу мен алдын алуға, мемлекеттік бақылаудың өзекті проблемаларын зерттеуге, бақылау және сарапшылық-талдамалық жұмыстардың жаңа әдістемелерін енгізуге бағытталады", - деді ол.

"Орталықтың іс-қызметі қаржылық бақылаудың әдістемелік базасын жетілдіруге септігін тигізеді деп ойлаймыз. Бұған негіз қаланды. Мәселен, мемлекеттік қаржылық бақылаудың әдістемелік базасын нығайту мен дамыту үшін Есеп комитеті республикалық бюджетті орындауда және мемлекеттік активтерді пайдалануда жол берілетін қаржылық заң бұзушылықтарды тудыратын себептер мен шарттарға, олардың себептері мен салдарлары арасындағы байланысқа зерттеулер жүргізді ", -деді Есеп комитетінің төрағасы.

"Идістемені одан әрі жетілдіру үшін Есеп комитеті төрағасының жанынан Сарапшылық-консультациялық кеңес құрылды, ол тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңес органы болып табылады",- деді төраға.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны