01.06.2010, 13:01 3184

Ескірген автокөліктердің кедендік баж салығы қазіргіден 2 - 3 есе төмен болмақ - Айтжанова

Ескірген автокөліктердің кедендік баж салығы қазіргіден 2 - 3 есе төмен болмақ - Айтжанова

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - Өтпелі кезең мерзімінде 3-10 жыл аралығында пайдаланылған ескі автокөліктердің кедендік баж салығы қазіргіден 2 - 3 есе төмен болмақ. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан үшін жеке тұлғалардың жеңіл автокөліктер енгізуіне біржақты тәртіппен жеңілдетілген режим енгізіледі", - деді Ж. Айтжанова.

"Ең өтімдіге саналатын 3-10 жыл аралығында пайдаланылған ескі автокөліктердің кедендік баж салығы жеке тұлғалар үшін қазіргі 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылып отырған біртұтас кедендік баж салығынан 2 - 3 есе төмен болмақ", -деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "өтпелі кезең біртұтас экономикалық кеңістік бойынша тиісті құжаттарға қол қойылғанға дейін, яғни, 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін енгізіледі", - деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны