05.12.2013, 20:27 3093

ЭСКПО-2017 аясында Қазақстан әлсіз дамыған елдерге 900 мың доллар көлемінде техникалық көмек көрсетті - Р.Жошыбаев

" Біз дауыс жинаған кезде техникалық көмек көрсету туралы ақпараттарды да алға тартқан едік. Аталмыш қаражат әлсіз дамыған елдердің білім беру, денсаулық сақтау, юадамалы қуат көздерін ашу мен оны алу жұмыстарына жұмсалатын болады. Негізінен бұл транш халықаралық көрме бюросының талабында да бар", - деді Р.Жошыбаев.

Алматы. 05 желтоқсан. Kazakhstan today. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу бойынша Халықаралық көрме бюросы ережесінде көрсетілген дамушы елдерге көмек көрсету бағдарламасы аясында Қазақстан әлсіз дамыған елдерге 900 мың доллар көлемінде техникалық көмек көрсетті, деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев

"Халықаралық көрме бюросы талаптарына сай, техникалық көмек бағдарламасы дайындалды. Бұл елдермен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы да Халықаралық көрме бюросының ұсынысы бар. Біз дауыс жинаған кезде техникалық көмек көрсету туралы ақпараттарды да алға тартқан едік. Аталмыш қаражат әлсіз дамыған елдердің білім беру, денсаулық сақтау, юадамалы қуат көздерін ашу мен оны алу жұмыстарына жұмсалатын болады. Негізінен бұл транш халықаралық көрме бюросының талабында да бар", - деді Р.Жошыбаев.

Министр орынбасарының айтуынша, көрмеге қатысушыларды тарту жұмыстары тіркеу құжаттамасы расталғаннан кейін 2014 жылдың жаз айларынан басталады.

Айта кету керек, "Болашақтың қуаты" атты ұранмен Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне 100-ден астам ел атсалыспақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны