01.08.2012, 12:52 3255

Еуразия даму банкі Қазақстандағы электровоз құрастыру зауытын қаржыландырады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Еуразия даму банкі мен "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС-несиелік келісім жасады. Халықаралық қаржы институты бұл келісім бойынша 10 жыл мерзімге 10 млрд. теңге көлеміндегі несие желісін ашты.

Алматы. 1-тамыз. Kazakhstan Today - Еуразия даму банкі Қазақстандағы электровоз құрастыру зауытын қаржыландырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Еуразия даму банкі мен "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС-несиелік келісім жасады. Халықаралық қаржы институты бұл келісім бойынша 10 жыл мерзімге 10 млрд. теңге көлеміндегі несие желісін ашты.

Ол Астана индустрияландыру паркінде Alstom компания технологиясы бойынша қазіргі заманғы магистральдық электровоздар құрастыру зауытын салуға жұмсалмақ. Бұл жобаның жалпы құны 18 млрд. теңгеден асады. Онда бастамашылардың үлесі инвестицияның 44 пайызын (8 млрд. теңгеден астам) құрайды.

"Электровоз құрастыру зауыты бірлескен кәсіпорны аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында 2010 жылы құрылған болатын. Оның құрытайшылары - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының еншілес "Ремлокомотив" АҚ-ы (50 пайыз) және Францияның "Alstom Holdings" машина жасау компаниясы (25 пайыз) мен Ресейдің "Трансмашхолдинг" ЖАҚ (25 пайыз).

"Локомотив" АҚ бұл жоба аясында Қазақстан темір жолының қажеттілігі үшін 2020 жылға дейін 200 жүк және 95 жолаушылар электовозын жеткізу үшін "Электровоз құрастыру зауытымен келісімшартқа отырды. Оның жалпы құны 1,3 млрд. еуроны құрайды. Зауыт құрылысына жоба бастамашысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ы жетекшілік жасайды. Alstom электровоз шығарудың қазіргі заманғы технологиясы мен оның құрамының 50 пайыздан астамын, ал 25 пайызға жуығын Трансмашхолдинг жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны