23.07.2012, 13:08 3130

Еуразия даму банкінің инвестициялық қоржыны жарты жылда 16 пайыздан астамға өсіп, 3,28 миллиард долларға жетті

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Халықаралық қаржы институтының 2006 жылдан бері өзіне мүше-мемлекеттердің экономикасына құйған инвестиция көлемі 3,91 миллиард доллардан асып, 491 млн. долларға ұлғайды.

Алматы. 23-шілде. Kazakhstan Today - Еуразия даму банкінің инвестициялық қоржыны жарты жылда 16 пайыздан астамға өсіп, 3,28 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Халықаралық қаржы институтының 2006 жылдан бері өзіне мүше-мемлекеттердің экономикасына құйған инвестиция көлемі 3,91 миллиард доллардан асып, 491 млн. долларға ұлғайды.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл инвестициялық қоржын 11 жаңа жобамен толықты. 30 маусымдағы мәлімет бойынша, ол қатысушы 5 мүше-мемлекеттен 30 инвестициялық жоба енгізді. Инвестициялық қоржынның құрылымында салалар бойынша негізгі үлес бұрынғыдай энергетика, энергетикалық инфрақұрылым (21,24 пайыз), көлік және көлік инфрақұрылымында (33,92 пайыз). Одан кейінгі орында - химия (8,27 пайыз), агроөнеркәсіп кешені (6,88 пайыз), өңдеу өнеркәсібі (5,15 пайыз), металлургия (4,56 пайыз), тау-кен өнеркәсібі (1,5 пайыз), муниципалды инфрақұрылым (1,34 пайыз). Ал қаржы секторының үлесі 17 пайыздан асып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны