17.01.2008, 12:04 1851

"Еуразия" сақтандыру компаниясының 2007 жылғы қызметі

"Еуразия" сақтандыру компаниясының 2007 жылғы қызметі

Алматы. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Еуразия сақтандыру компаниясы " ("Еуразия" СҚ) $153,1 млн табыс сыйын тауып, 2007 жылы $21,6 млн сыйақы төледі, деп хабарлайды агенттік "Еуразия" СК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы сыйақы көлемі 31,3% өсіп, сыйақы төлемі 63,6% ұлғайды.

2008 жылдың 1 қаңтарында компания активі $264,5 млн ұлғайып, 2007 жылы 24,7% өсті. Капитал мөлшері $178,3 млн жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 48,3% өсті. Сөйтіп, 2007 жылы таза табыс 117,4% құрап, 2006 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, $67,4 млн жетті.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, "Еуразия" СК 2007 жылы қайта сақтандыру үшін $86,1 млн мөлшерінде сыйақы тапқан. Бұл бір жыл ішінде жалпы тапқан сыйақының 56,2% құрады. Резидент еместерді қайта сақтандыру жөніндегі келісім-шарттарының жалпы сыйақы мөлшерінде бөлігі $23,5 млн немесе 27,3% құраса, резиденттердің бөлігі $62,6 млн немесе 72,7% жетті.

2007 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында "Еуразия СК" 75 әлемдегі елде тәуекелдерді қайта сақтандыру қызметімен айналысты.

"Еуразия" АҚ СК 1995 жылы құрылды. 2007 жылы A.M. Best халықаралық рейтингілік агенттігі " Евразия СК" "B++"деңгейіндегі тұрақты қаржылық рейтингісі мен "bbb"несиелік рейтингінің ұрақты болжамын растады. Мәліметтер бойынша, A.M. Best компаниясының "Еуразия"СК" АҚ, берген рейтингісі ТМД мен Шығыс Еуропа елдеріндегі сақтандыру ұйымдары арасындағы ең жоғарғы көрсетекіш деп саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны