18.05.2018, 13:26 7517

Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Иранныӊ арасында еркін сауда аймағын құруға әкелетін уақытша келісімге қол қойылды

Келіссөздердіӊ қорытындысы бойынша тараптар тауарлық қамту бойынша мынадай уағдаластыққа қол жеткізді: Иран 246 тауар бойынша (оныӊ ішінде 74 а/ш, 172 өнеркәсіптік), ЕАЭО - 175 тауар бойынша тарифті азайтты (оныӊ ішінде 53 а/ш, 122 өнеркәсіптік).

Астана. 18 мамыр Kazakhstan Today - 2018 жылғы 17 мамырда Астана экономикалық форумы алаӊында Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Иранныӊ арасында еркін сауда аймағын құруға әкелетін уақытша келісімге қол қойылды.

2016 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан келіссөздердіӊ қорытындысы бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Иранныӊ арасында бірқатар бекітілген тауарларға қатысты 3 жыл мерзімге өзара саудадағы импорттық кедендік бажды төмендету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Иран қазақстандық өнімдердіӊ экспортын ұлғайтудағы келешегі зор нарық болып табылады. Иранмен өзара тауар айналымыныӊ оӊ серпіні байқалады, ол 2018 жылғы 1 тоқсанда 2017 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда, 170 млн. АҚШ долларын құрай отырып, 70%-ға өсті.

Бұл Келісім ирандық нарық бағытына қол жеткізу талабын жақсартады. Келісім сиыр және қой еті, ноқат, жасымық, бұршақ, арпа, жүгері, өсімдік майы, макарондар, кондитерлік өнімдер, болат прокаты, рельстер, аккумуляторлар, арматура, құбыр және басқа да Қазақстанныӊ экспорттық мүддедегі тауарларын Иранныӊ бүгінде басқа елдерге ұсынып отырған шарттарына қарағанда, едәуір жеӊілдікпен жеткізуге мүмкіндік береді.

Мұныӊ сыртында Келісім Иранмен сауданыӊ тұрақты талаптары мен ережелерін қалыптастырады. Келісім ережелері саудадағы санитарлық және фитосанитарлық шаралар мен техникалық бөгеттерді, сауда рәсімдерін жеӊілдетуге бағытталған тауарлардыӊ шыққан елін анықтаудыӊ кедендік рәсімдері мен ережелерін қолдануды реттейді және ДСҰ мен халықаралық құқық нормаларына негізделген.

Одан ары Тараптар ДСҰ ережелеріне сәйкес еркін сауда аймағы туралы толық форматты келісімге көшудіӊ мақсатқа сәйкестігін қарастырады.

Қазақстан Республикасыныӊ атынан Келісімге Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары А.Мамин қол қойды.


Келіссөздердіӊ қорытындысы бойынша тараптар тауарлық қамту бойынша мынадай уағдаластыққа қол жеткізді: Иран 246 тауар бойынша 6 мәнге (оныӊ ішінде 74 а/ш, 172 өнеркәсіптік), ЕАЭО - 175 тауар бойынша 6 мәнге тарифті азайтты (оныӊ ішінде 53 а/ш, 122 өнеркәсіптік).

Келісім аясында Иран Қазақстанныӊ экспорттық мүддедегі негізгі тауарлары бойынша кедендік әкелім бажын азайтады және бекітеді (102 желі 6 мәнде, оныӊ ішінде 47 а/ш, 55 өнеркәсіптік), оныӊ ішінде:

сиыр еті (26% -дан 10%-ға азайтылды),

қой еті (5%-ға бекітілді),

сары май (5-55%-дан 4-40%-ға дейін азайтылды),

ноқат, жасымық (5%-ға бекітілді),

бұршақ (55%-дан 25%-ға азайтылды),

арпа, жүгері, соя бұршағы (5-10%-ға бекітілді),

күріш (26%-дан 15%-ға азайтылды),

өсімдік майлары (20%-дан 10%-ға азайтылды),

макарондар (55%-дан 20%-ға азайтылды),

кондитерлік өнімдер (55%-дан 20%-ға азайтылды),

болат прокаты (20%-дан 10-15%-ға азайтылды),

рельстер (5%-дан 4%-ға азайтылды),

аккумуляторлар (32-55%-дан 10%-ға азайтылды).

Өз кезегінде Иран үшін ЕАЭО-ға қатыссыз: пісте, құрма, інжір, мейіз, асшаян, бақша дақылы, апельсин, лимон, лайма, кондитерлік өнімдер, шырындардыӊ кейбір түрі, құрылыс бояулары мен лак, ыдыс, жуу құралдары, кілем, пластмасса бұйымдары секілді тауарларға кедендік баж азайтылатын болады (ағымдық БКТ орта есеппен 0-10% мөлшерінде).

Иранныӊ экспорттық мүддедегі негізгі тауарларына (алма, қызанақ, қияр) ЕАЭО өндіріс жоқ кездегі (қарашадан наурызға дейін) маусымдық түсірулерді ғана ұсынып отыр. Сонымен қатар Ираннан жеткізілетін картоп, қызанақ пастасы мен көкөністерге қатысты ағымдық тарифтер GSP деӊгейінде бекітілген (7,5 - 9% мөлшерінде).

Сонымен бірге Иранныӊ экспорттық сұраныстағы тауарларыныӊ көпшілігі преференциялық тауарлар тізбесіне енеді, бұл оларды дамушы елдер және аз дамыған елдерден, оныӊ ішінде Ираннан әкелу кезінде ҚЖТ мөлшерлемесі көлемініӊ 25%-ға төмендеуін білдіреді. Тұтас алғанда, сұраныс желісініӊ көпшілігінде БКТ мөлшерлемесініӊ деӊгейі төмен немесе нөлдік болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны