24.05.2012, 14:22 3109

Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай валюта болады

Еуразиялық экономикалық одақ құрылған кезде, бірыңғай валюта өздігімен дүниеге келеді. V Астана экономикалық форумы аясында ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген "НЕОКОН" сарапшылық кеңес беру серіктестігінің президенті, РБК телеарнасының "Хазинмен сұхбат" бағдарламасының жүргізушісі Михаил Хазин осылай мәлім етті.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай валюта болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еуразиялық экономикалық одақ құрылған кезде, бірыңғай валюта өздігімен дүниеге келеді. V Астана экономикалық форумы аясында ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген "НЕОКОН" сарапшылық кеңес беру серіктестігінің президенті, РБК телеарнасының "Хазинмен сұхбат" бағдарламасының жүргізушісі Михаил Хазин осылай мәлім етті.

"Меніңше, Еуразиялық экономикалық одақ жүзеге асқан кезде, бірыңғай валюта өздігімен дүниеге келеді. Ол одаққа кіретін мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың қажеттілігінен туындауы тиіс. Бірақ бұл идея өз жолымен дамуы қажет. Мәселен, Еуропа біріккеннен кейін бірыңғай валюта өздігімен пайда болған жоқ па? Сол сияқты Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай валютасы да "табиғи" жолмен дүниеге келуі шарт. Менің ойымша, бірыңғай валютаның өзектілігі 3-5 жылдың аясында көтеріледі", - дейді М.Хазин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны