06.10.2015, 18:17 4162

"Еуразиялық экономикалық перспектива" халықаралық форумыныӊ қорытынды құжаты

"2015 жылғы 6 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Мемлекеттік Думасыныӊ бастамасымен "Еуразиялық экономикалық перспектива" атты кезекті Халықаралық форум өтті

Астана. 07 Қазан. Kazakhstan Today - Астанада "Еуразиялық Экономикалық перспектива" халықаралық форумына қатысушылар қорытынды құжат қабылдады. Онда былай делінген:

"2015 жылғы 6 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Мемлекеттік Думасыныӊ бастамасымен "Еуразиялық экономикалық перспектива" атты кезекті Халықаралық форум өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Халықаралық форумда Беларусь, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан парламентшілері, сондай-ақ шекаралас өӊірлердіӊ басшылары, мемлекеттік органдардыӊ өкілдері, беделді халықаралық ұйымдардыӊ және Еуразиялық экономикалық комиссияныӊ өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, БАҚ-тыӊ және Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпустыӊ өкілдері қатысты.

Халықаралық форум аясында Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) пен Жібек жолы экономикалық белдеуін құру ісін ұштастыру, осындай өзара әрекеттестіктіӊ әлеуетіне қатысты ортақ айқындаманы қалыптастыру жөніндегі мәселелер және Еуразия құрлығындағы жан-жақты ынтымақтастықтыӊ бағыттары талқыланды.

Қатысушылар Халықаралық форум өткізу қорытындысы бойынша:

халықаралық құқық принциптеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Жарғысына, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымыныӊ нормалары мен ережелеріне өздерініӊ адалдығын растайды,

өзара құрметтеу, ашықтық және өзара тиімді ынтымақтастық принциптерін сақтау қажет деп санайды,

ЕАЭО мен Жібек жолы экономикалық белдеуін құру ісін ұштастыру бастамасын қолдайды,

ЕАЭО мен Жібек жолы экономикалық белдеуін құру ісін ұштастыру осы жобаларға қатысушы елдер арасындағы әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтыӊ жаӊа көкжиегін ашады деп санайды,

ЕАЭО мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасасу жөніндегі алда тұрған келіссөздерді құптайды,

Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ Жібек жолы экономикалық белдеуін құруға септігін тигізуге бағытталған күш-жігерін қолдайды,

ЕАЭО мен Жібек жолы экономикалық белдеуін құру ісін ұштастыруда елдеріміздіӊ мүдделеріне сай өзара келісілген әрекеттер арқылы Еуразия және Азия аймақтарындағы үдемелі әрі орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, экономикалық әріптестікті дамытуға жағдай жасайтын болады,

ЕАЭО мен Жібек жолы экономикалық белдеуін құру ісін ұштастыру бойынша диалог тетігін іске қосу арқылы ынтымақтастықты дамытуға көмектесетін болады.

2015 жылғы 6 қазанда Халықаралық форумға қатысушылар қабылдады".

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны