21.09.2007, 18:11 3165

Еурокомиссия ҚР ЭМРМ басшысымен энергетикалық ынтымақтастық мәселесін талқылады

Еурокомиссия ҚР ЭМРМ басшысымен энергетикалық ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Брюссель. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Энергетика жөніндегі Еуропалық комиссар Андрис Пиебалгс кеше Брюссельде Каспий кайраңындағы Қашаған кеніші жөніндегі жобаны жүзеге асыру саласындағы соңғы оқиғаларды ескере отырып, энергетикалық ынтымақтастық мәселесін талқылау үшін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевпен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Еуропалық комиссияның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

"Энергетика саласындағы табысты ынтымақтастық өзара сыйластыққа, айқындылыққа, алдын ала болжау мен кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді. Мен министрдің қазақстандық билік өкілдері мен Қашаған консорциумының арасындағы келіссөздерге қатысты уәждеріне арқау болған дәлелдерін мақұлдаймын, және де аталмыш мәселе бойынша одан әрі де ақпараттар алуға үміттемін",- деді кездесу аяқталуына орай комиссар А. Пиебалгс.

"Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрі Қашаған консорциумын басқаратын итальяндық ENI компаниясы мен қазақстандық мекемелердің өнім бөлімі туралы келісмім шарттарына қатысты ағымдағы келіссөздерге түсінік берді",- деп атап көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар, комиссар мен министр республиканың Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері мен ЕО энергетикалық нырығын заңдық реттеудегі соңғы өзгерістер туралы пікір алмасты.

ЕС пен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық 2006 жылдың желтоқсанында ЕО пен Қазақстан Республикасының арасындағы энергетикалық ынтымақтастық саласындағы азара түсіністік туралы меморандум аясында жүзеге асырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны