10.10.2007, 18:57 3303

Еуроодақ Кеңесінің бас хатшысы Қашағанға қатысты мәселе оң сипатта әрі конструктивті шешілетіндігіне сенімді

Еуроодақ Кеңесінің бас хатшысы Қашағанға қатысты мәселе оң сипатта әрі конструктивті шешілетіндігіне сенімді.

Астана. 10-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Еуроодақ Кеңесінің бас хатшысы Хавьер Солана Қашағанға қатысты мәселе оң сипатта әрі конструктивті тұрғыда шешілетіндігіне сенімді. Мұндай пікірін ол бүгін баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен бұл мәселенің оң сипатта әрі конструктивті шешілетіндігіне сенімдімін",- деп атап көрсетті Х. Солана. Сонымен қатар ол, аталмыш мәселені "саяси проблемалар ретінде емес, компаниялар арасындағы проблемалар ретінде қарау керек" деп атап өтті.

"Мен, аталмыш мәселенің шешімі жақын арада қол қойылған келісімнің шарттары аясында табылатындығына сенімдімін. Менің пікірім осындай",- деді Х. Солана.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны