06.12.2007, 17:48 2974

Еуроодақ Орта Азиядағы трансшекаралық ынтымақтастыққа 12 млн евро бөледі

Еуроодақ Орта Азиядағы трансшекаралық ынтымақтастыққа 12 млн евро бөледі

Бішкек. 6-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Еуроодақ Орта Азияның бес мемлекетінің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан) арасындағы трансшекаралық ынтымақтастықты жетілдіруге 12 млн евро бөледі. Бұл туралы бүгін Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстандағы Еуропалық комиссия өкілдігінің істері жөніндегі уақытша сенімді өкілі Йорг Кетелсен мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, "бұл сома 2010 жылдың маусым айына дейінгі кезеңге есептелген және аймақтағы мемлекеттер арасында олардың осындай процестерге қатысу белсенділігіне байланысты бөлінетін болады".

"Бюджет бекітіліп қойған, қаржы Еуроодақтың ВОМКА шекараларды басқаруға көмек көрсету жөніндегі бағдарламасының аясында ұсынылатын болады",- деп нақтылады Й. Кетелсен. Сонымен қатар, сенімді өкілдің ақпараттарына сүйенсек, бұл мемлекеттерге тағы 5 млн евроға жуық қаржы Орта Азиядағы есірткінің таралуының алдын алуды көздейтін КАДАП бағдарлама желісі бойынша бөлінеді.

Екі бағдарлама да аймақта 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді. "КАДАП бағдарламасы 2008 жылдың аяғында аяқталады, бірақ қазір оны жалғастыру мүмкіндіктері пысықталуда, және де мен оның өз жалғасын табатындығына сенімдімін",- деді Й. Кетелсен. Й. Кетелсеннің пайымдауынша, оған "осы уақытқа дейін жинақталған қуатты ынтымақтастық әлеуеттілігі, Орта Азия республикаларының арасындағы адамдар мен тауар қозғалысын жақсарту үшін екі бағдарлама аясында қабылданған бірлескен күш-жігер, ондағы есірткі бизнесімен күресті қатайту" итермелейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны