08.07.2010, 10:50 2939

Еуроодақ "Вольво" компаниясын қытайлық "Джили" компаниясына сату жөніндегі келісімді мақұлдады

Еурокомиссияның мәлімдемесінде айтылғандай, бұл келісім Еуропа нарығындағы бәсекелестікке айтарлықтай залал тигізбейтіні себепті осындай шешім қабылданған.

Алматы. 8-шілде. Kazakhstan Today Еуропалық комиссия сейсенбіде Швецияның автоөндірушісі "Вольво" компаниясын қытайлық "Джили" холдингісінің сатып алуын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Синьхуа" АА-не сілтеме жасай отырып.

Еурокомиссияның мәлімдемесінде айтылғандай, бұл келісім Еуропа нарығындағы бәсекелестікке айтарлықтай залал тигізбейтіні себепті осындай шешім қабылданған. Еурокомиссия "Вольво" жөніндегі мәмілені мәміле мөлшері одақтың қарастыруын талап ететін деңгейге жетпейтініне қарамастан осы мәмілеге қатысы бар одақтың үш мүшесінің өтініші бойынша қарастырғанын атап көрсетті.

"Үстіміздегі жылдың 28 наурызында қытайлық "Джили" компаниясы мен америкалық "Форд" автоконцерні Швецияның Гетеборг қаласында "Вольво" компаниясының 100 пайыз акциясын сату-сатып алу жөніндегі келісімге қол қойды. Мәміле мөлшері 1,8 млрд АҚШ долларын құрады", - деп хабарлайды "Синьхуа".

Жоспарға сәйкес, "Вольво" көліктерінің жаһандық өндірісінің көлемін шамамен 2 есеге ұлғайтып және 2011 жылға қарай шығынды брендті пайдалы компанияға айналдыру үшін Қытайда жылына 300 мың көлік шығаратын зауыт салынбақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны