19.05.2008, 13:35 1359

Еуропалық қайта құру және даму банкі 2008 жылы экономикалық өсімнің тежелетінін атап өтуде

Еуропалық қайта құру және даму банкі 2008 жылы экономикалық өсімнің тежелетінін атап өтуде

Алматы. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық қайта құру және даму банкі әлемдік экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты 2008 жылы Орталық Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттерінде экономикалық өсімнің тежелетінн атап өтуде, деп хабарлайды агенттік ЕҚДБ баспасөз хатында сілтеме жасай отырып.

Хабарламаға сәйкес, ЕҚДБ 2008 жылы өтпелі кезеңдегі елдердің экономикалық дамуының бәсеңсуі байқалады, бірақ Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңес елдерінің басым бөлігі әлемдік несие беру нарығындағы күтпеген жағдайларға төзімділік көрсетуде, деп атап өткен.

ЕҚДБ пікірінше, белгісіз уақытқа созылатын жаһандық экономиканың төмендеуі аумақтардағы орта мерзімді өсім қарқынына әсерін тигізеді.

"Аумақтардағы аса өзекті мәселелердің бірі инфляция, бүгінгі күні ол көптеген елдерде екі сандық көрсеткіштермен есептелуде. Егер бұл мәселені қолға алмаса, онда инфляция еңбекақы мен баға өсуін тудырып, валюта бағамдарының өзгеруін немесе ақша-несие саясаты саласында күрт шараларды жасауды тудырады", -деп айтылған баспасөз хатында.

ЕҚДБ мәліметтері бойынша, биылғы жылы аймақтағы экономикалық өсім 2007 жылдағы 7,3 % орнына 6 % құрайды.

"Өсім жылдамдығының баяулауы тұтыну бағаларының күрт өсуімен байланысты , ал бұл әсіресе ТМД елдері тұрғындарының табысы мен тұтыну қарқынына әсерін береді. Халықаралық қаржы нарығында пайыздық ставкаларды көтеру шарттарының күшейтілуі инфляциямен күресте ішкі несиелік көлемдердің өсімін төмендетіп, келешекте ішкі инвестициялардың өсуін шектейді", - деп болжайды ЕҚДБ.

Сонымен қатар, жаһандық өсім тежелуі негізгі сауда серіктерінің импорттық сұранысын төмендетеді, бұған еуроаумақ мемлекеттері жатады, деп айтылған баспасөз хатында.

Сондай-ақ, ЕҚДБ пікірінше, халықаралық несиелік дағдарысы жалпы аймаққа шамалы әсер кеткен. Аймақтағы банктер АҚШ ипотекалық нарығымен байланысты құрылымдық активтерімен жұмыс істемейді. Алайда, халықаралық инвесторлардың тәуекелге бармауы бірқатар мәселелерді тудырады, оған Қазақстан банктері үшін халықаралық облигациялық займдерді шығаруының сәтсіздікке ұрынуы мысал бола алады.

Жалпы ЕҚДБ болжамы бойынша 2008 жылы ТМД елдеріндегі 7 % өсімі бұрынғы бағамен салыстырғанда өзгеріссіз қалды, бұл 2007 жылы көрсетілген 8,4 % төмен. Ресейде өсім саны бұдан бұрын жасалған болжамдардан асып түсті. Болжам бойынша биылғы жылы өсім көрсеткіші 7% құрап, ол ТМД аумағындағы барлық коньюктураны қолдайтын болады.

"Қазақстанда биылғы жылы жеке секторға несие беру нарығында нақты көрсеткіштердің тоқырауы болады деп күтілуде, өсім түрлері айтарлықтай нашарлады. Украинада тұрғындардың табыстары мен кәсіпорындардың өндіріс тиімділігіне бағаның өсуі қатты әсер беру салдарынан ЖІӨ өсімі 5,5% дейін баяулайтын болады", - деп жазылған хатта.

ЕҚДБ акционері болып отырған 61 ел мен екі халықаралық ұйымның мақсаты- Орталық Еуропа мен Орталық Азия аумағындағы елдердің орталық жоспарлы экономикадан нарыққа бағытталған экономикаға өтуіне септігін тигізу.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны