06.06.2008, 11:05 1519

Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан үкіметі тұрақты энергия саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан үкіметі тұрақты энергия саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Атырау. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан үкіметі тұрақты энергия саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы "ҚазЭнерджи" қауымдастығы кеңесінің отырысы барысында кеше KEGOC АҚ президенті Алмасадам Cәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Осыдан бір сағат бұрын екі аса маңызды құжатқа қол қойылды. Бірінші құжат - тұрақты энергия саласындағы ынтымақтастық туралы келісім", -деді А. Сәтқалиев.

Оның нақтылауынша, Қазақстан үкіметі тарапынан бұл келісімге экономика, қоршаған ортаны қорғау, энернетика және минералды ресурстар министрлері мен табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өкілдері қол қойды".

"Екінші жақтан Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер қол қойды", - деді KEGOC басшысы.

"Осы құжатты жүзеге асыру үшін KEGOC пен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында 400 млн доллардың несиелік келісіміне қол қойылды, ол ұлттық электр желілерін модернизациялаудың екінші кезеңін жүзеге асыруға деп 9 - 15 жылға беріледі", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны