20.07.2017, 23:33 4938

Еуропалық одақ Қазақстан мен Өзбекстанда азық-түлік және ауылшаруашылығы өнеркәсібініӊ бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған жоба жүзеге асыра бастады

Жоба Қазақстанныӊ 3 өӊірінде, атап айтқанда, Алматы және Алматы облысы, Жамбыл және Қарағанды облыстарында жүзеге асырылады. Ал Өзбекстанда Ташкент, Наманган облысы мен Қарақалпақтан өӊірлері таӊдап алынған.

Алматы. 20 шілде. Kazakhstan Today - Еуропалық одақ Қазақстан мен Өзбекстанда азық-түлік және ауылшаруашылығы өнеркәсібініӊ бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған жоба жүзеге асыра бастады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

2017-2019 жылдарға арналған бұл жоба "Құн жасау тізбегін жетілдіру,тұрақты даму және эко-инновациялар арқылы азық-түлік және ауылшаруашылығы өнеркәсібініӊ бәсекелестік қабілетін арттыру (AGROCOMP)" деп аталады.

Осы аптада, 19 шілдеде Алматыда жоба, оныӊ серіктестері мен күтілген нәтижелердіӊ тұсаукесері жасалды.

Жоба тұсаукесеріне арналған халықаралық конференцияға "Сауда және өндірістік кәсіпорындардыӊ қауымдастығы" Заӊды тұлғалардыӊ бірлестігі, Италияныӊ Милан қаласыныӊ Сауда-өнеркәсіп палатасы, Өзбекстанныӊ Сауда-өнеркәсіп палатасы және басқа да мүдделі ұйымдар мен компанияларлыӊ өкілдері қатысты.

Жоба Қазақстанныӊ 3 өӊірінде, атап айтқанда, Алматы және Алматы облысы, Жамбыл және Қарағанды облыстарында жүзеге асырылады. Ал Өзбекстанда Ташкент, Наманган облысы мен Қарақалпақтан өӊірлері таӊдап алынған.

Жобаныӊ Қазақстандағы өӊірлік серіктестері Қарағанды облыстық Сауда палатасы, "Тараз экспертиза" ЖШС болып табылады.

Алматыда өткен халықаралық конференцияда Миланныӊ Сауда-өнеркәсіптік, қолөнершілік және ауылшаруашылық палатасыныӊ Формапер агенттігініӊ өкілі Карлос Таламастыӊ айтуынша, жобаныӊ нақты мақсаты - азық-түлік өнімдерін өӊдеу және өндіру бойынша агробизнестік кәсіпорындарды сапалық жоғары бәсекелестік деӊгейге көтеру үшін тиімді қолдау мақсатында Кәсіби білікті мамандар желісін құрып нығайту болып табылады. Нәтижесінде әр елден кем дегенде 100 әйел-кәсіпкер мен 25 фермер қолдауға ие болмақ.

Жобаныӊ жалпы құны 1.499.993,41 евро, оныӊ 95 пайызын ЕО, 5 пайызын жоба серіктестері қаржыландырады, деді Карлос Таламас.

"Бұған дейін AGROCOMP жобасын ұйымдастыру бойынша Миланда және Ташкентте екі кездесу өтті. Енді міне, Алматыда кіріспе кездесу өткізіп отырмыз. Жоба жалпы 4 кезеӊнен тұрады. Екінші кезеӊде стратегиялық аумақтық зерттеулер жүргізе келе, іс-әрекеттер жоспарын жасап, ауылшаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібі бойынша екі елдіӊ өӊдеу өнеркәсібін дамытуға қатысты ұсыныстар топтамасы әзірленеді",- деді өз сөзінде "Сауда және өндірістік кәсіпорындардыӊ қауымдастығы" Заӊды тұлғалардыӊ бірлестігі төрағасыныӊ орынбасары, Қазақстан бойынша жоба жетекшісі Шара Ақылбаева.

Жоба шеӊберінде 3 жылда бірқатар оқыту семинарларын, еуропалық тағылымдамалар мен тренингтер өткізу көзделген. Мақсатты топтарға мыналар жатады: серікстес ұйымдар мен бизнесті дамыту және қолдау жөніндегі барлық ұйымдардыӊ өкілдері, Еуропа нарығына шығуға және серіктестік байланыстарға қызығушылық танытушы, сыртқы нарықтарға бағдар ұстанған тұрлаулы компаниялар, нарықтағы өз тиімділігі мен бәсекелестік қабілетін арттырудан мүдделі орта буынды әрекет етуші компаниялар, орта және шағын агробизнес кәсіпорындары, ісін жаӊадан бастаған және келешек кәсіпкерлер, оныӊ ішінде әйел-кәсіпкерлер, фермерлік шаруашылықтар және т.б.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны