23.02.2013, 12:43 7002

ЕвроХим-Тыңайтқыш жыл соңына дейін Жамбыл облысында фосфор кен орнында өндіріс құру жұмысына кіріспек

"ЕвроХим-Тыңайтқыш" ЖШС (ресейлік "МХК "ЕвроХим" ААҚ-ның еншілес компаниясы) жыл соңына дейін Жамбыл облысында "Көк Жон" және "Гиммельфарб" кен орындарында өндіріс құру жұмысына кіріседі, деп аймақ әкімі Қанат Бозымбаев бүгін халық алдында есеп беру кездесуінде атап көрсетті.

Жамбыл. 22-ақпан. Kazakhstan Today - ЕвроХим-Тыңайтқыш жыл соңына дейін Жамбыл облысында фосфор кен орнында өндіріс құру жұмысына кіріспек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ЕвроХим-Тыңайтқыш" ЖШС (ресейлік "МХК "ЕвроХим" ААҚ-ның еншілес компаниясы) жыл соңына дейін Жамбыл облысында "Көк Жон" және "Гиммельфарб" кен орындарында өндіріс құру жұмысына кіріседі, деп аймақ әкімі Қанат Бозымбаев бүгін халық алдында есеп беру кездесуінде атап көрсетті.

Икім былтырғы жылдың басында Қазақстан үкіметі мен Еврохим арасында фосфор, азот және кешенді тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды, "Көк Жон" және "Гиммельфарб" кен орындарын өнеркәсәптік игеру жобаларын бекітті және жер қойнауын пайдалану келісімшартын бекіткенін еске салды.

"Қазіргі кезде кенді дайындау, байыту және өндірілген кенді өңдеудің оңтайлы жолын әзірлеу үшін француздық Technip Mines компаниясымен өзара шарт бекітілді. "ЕвроХим-Тыңайтқыш" компаниясы зауыт салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жобасын әзірледі. 2013 жылы жобаны жүзеге асыру бойынша жоспарланған инвестиция 13 млрд теңгені құрайды", - дейді аймақ басшысы.

Бұрын хабарланғандай, ЕвроХим-Тыңайтқыш Қаратаудағы "Сары-Тас" зауыты негізінде кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісін құру және кен байыту зауытын салу жоспары барын мәлімдеген болатын. Зауыт құру жобасының алдын ала құны 2 млрд $ деп бағаланған, өндіріс қуаттылығы жылына 1 млн тоннадан астам фосфорлық, азоттық және кешенді минералды тыңайтқышты құрамақ.

"ЕвроХим" әлемде ірі агрохимиялық компаниялар арасында өндіріс қуаттылығы бойынша ондық құрамына кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны