31.07.2015, 18:55 7299

EXPO-2017 көрмесіне келген туристердіӊ басым бөлігі Бурабай курортында демалады - болжам

EXPO-2017 қарсаӊында Көкшетау қаласыныӊ ?уежайы қайта жаӊғыртылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ кеӊесшісі Роза Асанбаева мәлім етті

Астана. 31 Шілде. Kazakhstan Today - EXPO-2017 қарсаӊында Көкшетау қаласыныӊ ?уежайы қайта жаӊғыртылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ кеӊесшісі Роза Асанбаева мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Көрме қонақтары Астананы ғана емес, сонымен бірге Қазақстанныӊ басқа да аймақтарын аралайды деп жоспарланып отыр. Туристердіӊ басым бөлігі Бурабай курортында демалады деп күтілуде. Шипажайға баруды қолжетімді ету мақсатында Астана-Щучинск автожолы қызмет етеді ж?не Көкшетау қаласыныӊ ?уежайы қайта жаӊғыртылады", - деді кеӊесші, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Ал "Астана EXPO-2017" ҰК Маркетинг ж?не ілгерілету департаментініӊ бас менеджері Даниел Сержанұлы: "Туристік бағдарларға бірінші кезекте Баянауыл, Көкшетау, Қарқаралы, Бурабай сынды Ұлттық парктер енеді. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолы бойымен жылжи отырып Алматы облысындағы туристік орындарға, Үстірт ж?не Байқоӊыр сынды танымал жерлерге турлар ұйымдастырылатын болады", - деді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны