07.11.2012, 17:34 5231

Falah Growth Fund Алматы облысындағы құс фабрикасын қайта іске қоспақ

2000 жылы құрылған "Алтын Ай" ЖШС-нің құс фабрикасы көп жылдар бойы аумақты сапалы өніммен қамтамасыз ете отырып, тұрақты нәтиже көрсетіп келген еді. Алайда 2010 жылы фабрика бірқатар қиыншылыққа тап болды, оған жалпы экономикалық құлдырау, соның ішінде шектен тыс борыштық жүктеме мен негізгі өнім берушілердің еріксіз ауысуы себеп болған.

Алматы. 7-қараша. Kazakhstan Today - Falah Growth Fund тікелей инвестициялар қоры Алматы облысында ALSAD сауда маркасымен өнім шығаратын жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын қайта іске қосу үшін "Алсад Қазақстан" жобалық компаниясын инвестициялайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2000 жылы құрылған "Алтын Ай" ЖШС-нің құс фабрикасы көп жылдар бойы аумақты сапалы өніммен қамтамасыз ете отырып, тұрақты нәтиже көрсетіп келген еді. Алайда 2010 жылы фабрика бірқатар қиыншылыққа тап болды, оған жалпы экономикалық құлдырау, соның ішінде шектен тыс борыштық жүктеме мен негізгі өнім берушілердің еріксіз ауысуы себеп болған.

"Қалыптасқан жағдайға байланысты "Алтын Ай" ЖШС қазақстандық коммерциялық банктердің біреуінің стресстік активі ретінде Falah Growth Fund қоржынына елеулі шегеріммен тапсырылған болатын. Осылайша, бұл мәміле коммерциялық банктер мен тікелей инвестициялар қорларының арасындағы стресстік активтермен жұмыс істейтін бөлігіне қатысты ынтымақтастықтың бір үлгілі жағдайы болып табылады. Бұл нұсқа барлық мүдделі тараптар, соның ішінде, қиын жағдайда қалған кәсіпорындар үшін ең қолайлы болып табылады. Қорлардың қатысуымен жасалған осындай мәмілелер қазақстандық нарықта өз орнын алатынына сенеміз", - дейді "Қазына капитал менеджмент" АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Евгений Ким. Қазіргі уақытта Falah Growth Fund басқарушы компаниясы қаржы тұрақтылығын, пайдалылықты және бизнес құнын орын алған дағдарыс жағдайында көтеруге бағытталған шаралар кешенін қамтитын қайта құрылымдау бағдарламасын жасады және оны іске асыруда. Жобаны іске асыру үшін Falah Growth Fund командасының басқаруымен "Алсад Қазақстан" жобалық компаниясы құрылған.

Falah Growth Fund басқарушы компаниясының бас инвестициялық жетекшісі Дэвид Хербаданың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта олар ALSAD сауда маркасымен жалпы қуаттылығы жылына 210 млн. жұмыртқаға дейін өндіретін өндірісті қайта іске қосу үшін активтерге жөндеу жүргізуді көздеп отыр. Өндірісті жарақтандыру экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып жүргізу жоспарлануда. Құс фабрикасын қалпына келтіру барысында Алматы облысында 80 қосымша жергілікті жұмыс орны ашылмақ. Жергілікті өкіметтің қолдауы мен көмегі арқылы инвесторлар өндіріс орналасқан ауданның инфрақұрылымын да жетілдіруге ниетті. Ал жақын болашақта ALSAD сауда маркасымен шығарылатын өнім Алматы қаласы мен облыс нарықтарында кең түрде ұсынылатын болады. Құс фабрикасының мегаполистен 25 км қашықтықта орналасуы ұзақ мерзімді болашақта жұмыртқа бағасының тұрақтануына ықпал ететін болады, сондай-ақ Алматы облысындағы азық-түлік қауіпсіздігін көтере отырып, басқа аймақтар мен көршілес елдерден жұмыртқа әкелуді төмендетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны