11.07.2012, 12:44 3385

Falah Growth Fund "Қарағанды Энергия орталығы" ЖШС-на 50 миллион АҚШ долларын инвестициялайды

Falah Growth Fund тікелей инвестициялар қоры "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" және "Қарағанды энергия орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің капиталына 50 миллион АҚШ долларын салу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Астана. 11-шілде. Kazakhstan Today - Falah Growth Fund "Қарағанды Энергия орталығы" ЖШС-на 50 миллион АҚШ долларын инвестициялайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Falah Growth Fund тікелей инвестициялар қоры "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" және "Қарағанды энергия орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің капиталына 50 миллион АҚШ долларын салу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Қаражат Қарағанды энергия орталығына Қарағанды ЖЭО-3-тің энергетикалық қуатын арттыруға жіберілетін болады.

Falah Growth Fund - Біріккен Араб Имірлігі мен Қазақстанның бірлесіп құрған қоры. Тікелей инвестициялық қор энергетика, мұнайгаз компанияларына қызмет көрсету секторларына, тау-кен өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына және Қазақстан мен ТМД-ның басқа салаларын инвестициялауға бағытталған. "Қазақстандық коммуналдық жүйелер" ЖШС Қазақстандағы электр энергиясы мен жылуды өндіру, электр энергиясын тасымалдау және тарату жөніндегі активтерді басқаратын энергетикалық холдинг.

"Қарағанды энергия орталығы" ЖШС Қарағанды қаласы мен Қарағанды аумағында жылу мен электр энергиясын өндіретін және сататын екі жылу-электр орталықтарын басқарады. Үкімет бастамашы болған энергетикалық активтерді жаңғырту мен кеңейту бағдарламасы шеңберінде компания ЖЭО-3 қайта құруды және қуаттылығын кеңейтуді бастады. Бұл жұмыстарды 2015 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны