09.01.2007, 16:32 2859

Фермерлер одағы мемлекеттің аграрлық сектор саласындағы шағын бизнес проблемаларына назар аудармай отырғандығы туралы мәлімдеме жасады

АЛМАТЫ. 9-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанның "Қазагро" ұлттық фермерлер одағы аграрлық сектордағы корпоративтік, орта және шағын бизнес салалары үшін жағдай бірдей жасалмайтындығы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Аграрлық сектордағы корпоративтік, орта және шағын бизнес құру үшін жағдай жасауда айтарлықтай диспропорция бар",- деп мәлім етті бүгінгі Алматыда өткен баспасөз мәслихатында одақтың президенті Балтабай Рахымжанов.

Көбінесе, мемлекет бөлген қаржы негізінен ірі агроқұрылымдар мен фермерлік шаруашылыққа бөлінеді, деп түсіндірді ол. "Дербес қосалқы шаруашылықтар бұлардың бәрінен құр қалып отыр, оларды керісінше ауылдық жерлердегі салық базасын құруға пайдаланып отыр",- деді Б. Рахымжанов. Ол 25 соттық (бір гектардың төрттен бірі) жер үлесіне төленетін салық сомасы 750 теңгені құрайды, ал ірі ауыл шаруашылық құрылымдар мен фермерлік шаруашылықтар пайдаланып отырған жердің әрбір гектары үшін 26 теңге көлемінде біртұтас жер салығын төлейді. "Осындай арақатынас көптеген позициялар бойынша көрініс беріп отыр",- деді ол.

Сонымен қатар, "Қазагро" басшысы 2004 жылдың мамыр айында ынтымақтастық туралы келісім жасасқан және де парламент сайлауында қолдау көрсеткен "Отан" республикалық саяси партиясы экономиканың аграрлық секторындағы шағын бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған нақты шаралар жасамай отырғандығын айтып өтті. "Біз саяси кеңес пен парламенттік фракция тарапынан ешқандай нақты қолдау таба алмадық",- деді Б. Рахымжанов. Осыған байланысты фермерлер одағы өздерінің желтоқсан айында өткен кезекті мәслихатында "Отан" партиясымен жасалған келісім қатынасын тоқтатуға шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Б. Рахымжанов әңгіменің жаңартылған "Нұр Отан" партиясы туралы емес, "Отан" партиясы туралы болып отырғанын баса айтты. "Мен жаңа "Нұр Отан" партиясы туралы айтып отырған жоқпын, олар өз ісімен дәлелдесін, мен "Отан" туралы айтып отырмын",- деді қоғамдық бірлестіктің басшысы. Ол, сондай-ақ, одақтың ауылға нақты көмек көрсетуге ынталы барлық саяси күштермен ынтымақтастық жасауға дайын екендігін хабарлады.

Одақ таратқан баспасөз баянына сәйкес, бүгінде Қазақстанда аграрлық секторда шағын және орта бизнестің 2 млн. шаруашылық субъектілері бар. Еліміздің фермерлері жеке қосалқы шаруашылығымен экономиканың аграрлық секторлары бойынша жаппай алғандағы жалпы көлем бойынша 33 пайыз астық, 96 пайыз сүт өнімдерін, 92 пайыз ет, 100 пайыз картоп, 99 пайыз көкөніс, 44 пайыз күріш өндіріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны