19.07.2007, 17:34 3223

Феррохромның әлемдік құны өсе түсуде

АЛМАТЫ. 19 шілде. Kazakhstan Today. Феррохромның әлемдік құны өсе түсуде. Metal Pages және Metal Bulletin мәліметіне сәйкес, өткен айда құрамында хромның базалық мөлшері 60% болатын, Еуропаға жіберілетін және баж салығы төленген феррохромның құны әрбір фунтына $1,25 - 1,3-тен $1,6 - 1,7 дейін өсті.

АҚШ-қа жіберілетін осындай феррохром әрбір фунтына 1,2 - 1,25 доллардан 1,35 - 1,4 долларға дейін өсті. Кесек түріндегі чардж-хром (яғни, құрамындағы хромы 55%-тен төмен феррохром) 52%-тік базамен еркін нарықта әрбір фунтына $0,81 - 0,83-тен 1 - 1,05 долларға дейін өсті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны