02.04.2014, 20:00 1817

Fitch агенттігі Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін қайта қарайды

Ережедегідей, сапар қорытындылары бойынша Fitch сарапшылары ҚР-дың егеменді кредиттік рейтингін растау немесе өзгерту туралы тиісті баспасөз-хабарламаны жариялайды.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстанға оның егеменді кредиттік рейтингін мониторинг жасау шеңберінде Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі сарапшыларының кезекті сапары өткізілді.

Сапар барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау және Қаржы министрліктері, Ұлттық банкі, "Самұрық-Қазына" қоры басшылығымен, сондай-ақ Дүниежүзілік банкі, ҚР-дағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі офисімен кездесулер ұйымдастырылды, деп ЭБЖМ хабарлады.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігінде бюджеттік жоспарлау және фискалды саясат, қаржылық жүйе, Ұлттық қор қаражатын қолдану, бірыңғай зейнетақы қоры және басқа мәселелері талқыланды.

Ережедегідей, сапар қорытындылары бойынша Fitch сарапшылары ҚР-дың егеменді кредиттік рейтингін растау немесе өзгерту туралы тиісті баспасөз-хабарламаны жариялайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны