13.05.2014, 20:34 1208

Fitch: Қазақстан рейтингі "BBB+" деңгейінде, болжам - "Тұрақты"

Fitch Ratings рейтингілік агенттігі ҚР-ның егемен кредиттік рейтингін растады, осыған сәйкес эмитенттің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі "BBB+" деңгейінде, ұлттық валютадағы рейтингі "A-" деңгейінде расталды, болжам - "Тұрақты".

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Fitch Ratings рейтингілік агенттігі ҚР-ның егемен кредиттік рейтингін растады, осыған сәйкес эмитенттің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі "BBB+" деңгейінде, ұлттық валютадағы рейтингі "A-" деңгейінде расталды, болжам - "Тұрақты".

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде хабарлағандай, агенттікпен елдің егемен теңгерімі, банктік теңгерімнің тиімді қайта құрылуы, икемді айырбас бағамы режиміндегі төмен және тұрақты инфляциясы, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жақсарулар агенттікпен жағымды бағаланды.

Сонымен қатар, әлсіз жақтарының арасында саяси тәуекелдер, банк секторындағы толықтай адекваттық емес тәуекел менеджменті, төлем теңгеріміне жағымсыз әсер ететін өнімдердің бағасының жиі кенеттен өзгерулері аталып өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны