06.05.2020, 18:14 9510

FlyArystan әуекомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Таразға қатынауды тоқтататынын мәлімдейді

Естеріңізге сала кетсек, Алматы-Тараз-Алматы бағыты бойынша лоукостер 2019 жылдың мамырында, ал Нұр-Сұлтаннан Таразға былтыр қазаннан бастап қатынай бастаған еді.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan Today - FlyArystan әуекомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Таразға қатынауды тоқтататынын мәлімдейді. Бұл шешім COVID19 салдарына байланысты, ал компания қайта ұшуды экономикалық тұрғыдан пайдалы бағдарлардан бастауды жөн көргендіктен туындап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы-Тараз-Алматы бағыты бойынша лоукостер 2019 жылдың мамырында, ал Нұр-Сұлтаннан Таразға былтыр қазаннан бастап қатынай бастаған еді. Осылайша FlyArystan ұсына бастаған қолжетімді әуеқатынастың арқасында, өткен жылдың 4-ші тоқсанында Әулие-Ата әуежайының жолаушылар саны 673% өсті.

Әуетасымалдаушының ойынша Тараз - сұранысы жоғары бағдарлардың бірі, себебі Жамбыл облысының бас қаласына 2019-дың мамырынан бастап 143 000 жолаушы әуесапар орындап, борттың орташа жүктеме коэффициенті 91% құраған екен. Ал FlyArystan операциялық жұмысын атқара бастағалы сапар шеккен жолаушының 75% билеттерін 10 000 теңгеге дейінгі бағаға алып, саяхаттаған.

Тараз нарығы бағаның өзгеруіне осал болып келеді, тұтынушы саяхат үшін төлеуге дайын бағасы әуетасымалдаушының рейске байланысты негізгі шығындарды өтемейтінін атап өтті. Нақтылай кетсек - ол Тараз-Алматы сияқты қысқа аймақтық рейстер үшін төленетін әуежай қызметтерінің құны. Олар барлық шығынның 1/3 бөлігін құрайды екен.

Келешекте FlyArystan Тараздан/ға қайтып оралуды қарастыруға дайын. Бұл экономикалық жағдайдың өзгеруіне тікелей байланысты, яғни рейске қатысты шығынның азаюы салдарынан әбден мүмкін.

Тараздан/ға билеттерді flyarystan.com сайтынан немесе лоукостердің байланыс орталығы арқылы сатып алған жолаушыларға толық билет құны автоматты түрде қайтарылады (әуекомпанияға хабарласудың қажеті жоқ). Билет агенттікте (касса, турфирма, онлайн-агентсттік немесе басқасында) сатып алынған болса, онда билет алған жерге хабарласу керектігіне назар саламыз.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы - Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, "Эйр Астана" әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Kazakhstan Growth Forum 2019 пікірінше бірінші отандық лоукостер жыл мәмілесі атанып, "The Best Deal of the Year" номинациясын иемденді. Ал 23-ші "Крылья России 2019" атты әуе сылығында қазақстандық луокостер "ТМД-ғы жыл оқиғасы" атауның жеңімпазы атанды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны