06.12.2016, 12:52 4298

"Forte Bank" АҚ Шымкенттен жаӊа ғимарат ашады

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы шеӊберінде кәсіпкерлердіӊ банктегі кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау бағытымен "Forte Bank" АҚ арқылы жалпы кредит сомасы 4 522,2 млн. теӊгені құрайтын 39 жобаға қолдау көрсетілген.

Шымкент. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Forte Bank" АҚ директорлар кеӊесініӊ мүшесі Мағжан Иуезовпен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Басқосуда тараптар екі жақты әріптестік жайын талқылап, аталған банктыӊ облыс көлемінде атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы уақытта әкімдікпен бірлесе атқаратын шаруалары туралы әӊгімелесті.

Өз кезегінде, М.Иуезов аталған банк жетекшілігімен шағын және орта бизнес бойынша несие беру бағдарламасыныӊ түзіліп жатқанын баяндаса, Ж.Түймебаев шағын кәсіп түрлері дамып келе жатқан өӊірдегі азаматтар үшін бұл жақсы мүмкіндік екенін айтты.

Айта кету керек, "Forte Bank" акционерлік қоғамы 20 жылдан астам уақыттан бері еліміздегі үздік банктер қатарында банк қызметін ұсынып келеді. Банктіӊ республика бойынша 19 облыстық филиалы, 150 бөлімшесі бар. Таяуда Шымкент қаласында банк филиалыныӊ жаӊа ғимараты ашылып, халыққа қызмет көрсете бастайды деп күтілуде.

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы шеӊберінде кәсіпкерлердіӊ банктегі кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау бағытымен "Forte Bank" АҚ арқылы жалпы кредит сомасы 4 522,2 млн. теӊгені құрайтын 39 жобаға қолдау көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны