10.02.2014, 19:30 12061

Г.Ибдіқалықова ҚР Еңбек министріне азаматтық қызметшілер еңбекақысының жаңа үлгісін енгізуге қаржы көлемін есептеуді тапсырды

Ол үшін ЕХИҚМ 2014 жылдың 1 тамызына дейін азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу мәселелері бойынша түзетулері бар заң жобасын дайындауы тиіс.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan today. 2014 жылдың 15 мамырына дейін азаматтық қызметшілер еңбекақысының жаңа үлгісін енгізуге қажетті қаржы көлемі анықталуы тиіс, деп тапсырды бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Ибдіқалықова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

"Бұл ретте алда зор жұмыстар тұр. Жаңа жүйе енгізген кезде қиындықтармен сан мәрте бетпе-бет келдік. Ирбір кәсіпорын бойынша, әрбір нақты тұлға бойынша есептеу болуы тиіс", - деді.

Ол ҚР Президенті Жолдауының аясында азаматтық қызметшілердің еңбекақысының жаңа үлгісін әзірлеп, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап енгізу міндеті тұрғанын еске түсіріп өтті.

Сондай-ақ вице-премьер республикалық бюджет қабылданғанша қажетті қаржыны алдын ала есептеп қою керектігін баса айтты.

Ол үшін ЕХИҚМ 2014 жылдың 1 тамызына дейін азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу мәселелері бойынша түзетулері бар заң жобасын дайындауы тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны