09.01.2013, 10:16 3099

Газпром газ өндірісі бойынша жоспарды орындаған жоқ

РБК хабарлағандай, 2012 жылдың ортасында Газпром 528,6 млрд текше метр газдың өндірісі мен сатылуы бойынша жоспарлар туралы мәлімдеді.

Мәскеу. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - Газпром газ өндірісі бойынша жоспарды орындаған жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, былтырғы жылы Газпром 478,7 млрд текше метр газ өндірді. Газ көлемі қараша айында компания басқармасы төрағасының орынбасары Валерий Голубевтің уәде еткен 500 млрд текше метріне жеткен жоқ.

РБК хабарлағандай, 2012 жылдың ортасында Газпром 528,6 млрд текше метр газдың өндірісі мен сатылуы бойынша жоспарлар туралы мәлімдеді.

Осы жыл Газпром үшін ең сәтсіз жылдардың бірі болды, деп хабарлады "РБК daily". Соңғы екі жылда газ көлемі бойынша компания көрсеткіштері өсті: 2010 жылы көрсеткіштер 508,6 млрд текше метрді, 2011 жылы 513 млрд текше метр газды құрады. Бұл Еуропа елдері тарапынан ресейлік газға сұраныстың азаюымен байланысты. 2012 жылдың нәтижелері бойынша, алыс шетелге шығарылатын газ мөлшері 3,5%-ға азайды.

Жалпы Ресейде 2012 жылдың қорытындылары бойынша өндірілген газ мөлшері 2,3%-ға азайып, 655 млрд текше метрді құрады.

Сарапшылар Газпромның жағдайы одан әрі нашарлауы мүмкін деп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны