10.06.2008, 17:14 2888

"Газпром" Тәжікстанда мұнай-газ перспективасы бар аудандарға геологиялық барлау жүргізеді

"Газпром" Тәжікстанда мұнай-газ перспективасы бар аудандарға геологиялық барлау жүргізеді

Душанбе. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Газпром" Тәжікстанда мұнай-газ шығу мүмкіндігі бар аудандарға геологиялық барлау жүргізеді. Бұл туралы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесуден кейін "Газпром" ААҚ басқарма төрағасының орынбасары Валерий Голубев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

В. Голубевтің айтуынша, бүгін "Газпром" компаниясы мен ТР Энергетика және өнеркәсіп министрлігі арасында Тәжікстан Республикасының мұнай-газ перспективалы аудандарында жер қойнауына геологиялық барлау жүргізудің негізгі қағидалары туралы келісім жасалды.

Оның айтуынша, егер қазіргі таңда елде жылына 800 млн текше метр газ өндірілетін болса, болашақта бұл көрсеткіш 2 млрд текше метрге дейін өсуі мүмкін.

Шығын жайлы сұраққа жауап бере тұрып, ол тек қана геологиялық барлауға шамамен 0,5 млрд АҚШ доллары қажет болатынын хабарлады.

"Алғашқы кен орнында газ өндіру тек 3-5 жылдан кейін ғана басталуы мүмкін", - деп атап көрсетті "Газпром" ААҚ басқарма төрағасының орынбасары. Оның ұсынған болжамдарына сүйенсек, елдегі табиғи газдың жалпы мөлшері 3 трлн текше метрге дейін жетуі ғажап емес.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны