14.07.2017, 18:43 6180

Германиядан келген өкілдер Ақмола облысы Қосшы ауылындағы инновациялық жобаны жоғары бағалады

2017 жылғы 13 шілдеде Астанаға Германияныӊ Федералдық экономика және энергетика министрлігініӊ статс-хатшысы Уве Бекмайер бастаған өкілдер ресми сапармен келді.

Көкшетау. 14 шілде. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 13 шілдеде Астанаға Германияныӊ Федералдық экономика және энергетика министрлігініӊ статс-хатшысы Уве Бекмайер бастаған өкілдер ресми сапармен келді. Сапар барысында делегация мүшелері осы министрліктіӊ тапсырмасы бойынша GIZ (Германияныӊ Халықаралық Ынтымақтастық жөніндегі қоғамы) жүзеге асырған Басқарушы мамандарды әзірлеу бағдарламасыныӊ түлектерініӊ бірініӊ компаниясы - "Сапа Су" ЖШС зауытына барды,- деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Ақмола облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасыныӊ баспасөз хатшысы Айя Калягинаныӊ ақпаратына сәйкес, қонақтарға заманауи неміс жабдықтарында кеӊ қонышты темірбетон тұрбаларды өндірудіӊ шешуші кезеӊдері көрсетілді. Олар Басқарушы мамандарды әзірлеу бағдарламасыныӊ және "Іскерлік байланыстар" жобасыныӊ қазақстандық тағылымгерлері қандай нәтижеге қол жеткізгеніне қызығушылық танытты. Кәсіпорынныӊ коммерциялық директоры Таир Мұралиев бүгінгі күні зауыт өнімдері тек Елордада ғана емес, сонымен бірге елдіӊ басқа өӊірлерінде де барынша сұранысқа ие екенін айтып берді. Зауыттыӊ өндіріс аясын кеӊейту әлеуеті бар.

"Бұл қазақстандық және неміс кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықтыӊ жақсы үлгісі. Мұнда расында да сапалы өнім өндіріледі", - деді Уве Бекмайер.

Іс-шараға Ақмола облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасыныӊ басшысы Ербол Оспанов қатысты. Ол зауыттыӊ ҚР индустриялық -инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасыныӊ шеӊберінде ашылғанын, біздіӊ өӊір үшін бірегей әрі маӊызды жоба екенін және Қазақстан-Германия ынтымақтастығыныӊ айшықты мысалы екенін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны