26.10.2017, 16:46 7083

Германиялық компания Алматы облысында ірі ет өӊдеу кешенін салмақ

Инвестициялық жобаныӊ жалпы құны 7,1 млрд. теӊге. Бірінші кезегініӊ қуаты жылына 15 мыӊ тонна болса, 2-ші кезегі - 30 мыӊ тонна. Құрылатын жұмыс орындарыныӊ саны - 700-ден астам. 1-ші кезегініӊ жүзеге асырылу мерзімі 2017-2018 ж.

Талдықорған. 26 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімі Амандық Баталов пен "BaumanGmbh&COKG" компаниясыныӊ бас акционері Райнер Бауман бастаған компания өкілдері қосымша азықтандыру, мал сою, тереӊнен өӊдеу, ұсақ мал етінен полуфабрикаттар мен дайын өнім шығарумен айналысатын ірі ет өӊдеу кешенініӊ құрылысы инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы мәселелерді талқылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында өӊір басшысы Амандық Баталов ұсақ мал етін өӊдеу саласын дамытуда бұл жобаныӊ маӊызы зор екенін атап өтті.

- Елімізде 20 млн. басқа жуық қой бар, бірақ қой етін өӊдейтін бірде де бір кәсіпорын жоқ. Сондықтан бұл ет өӊдеу кешені құрылысыныӊ толыққанды жүзеге асуы біз үшін аса маӊызды. Біз өз тарапымыздан сіздердіӊ компанияныӊ тиімді жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдайларды жасаймыз. Барлық инженерлік жүйелер - электр, жылу, газ, кәріз жүйелері тартылатын болады, сонымен қатар жобаны жүзеге асырудағы жұмыс барысында туындаған мәселелерді шешуге де қолдау көрсетіледі, - деді А. Баталов.

Сонымен қатар облыс әкімі неміс компаниясыныӊ жобалауға қашан кірісетінін, жобаныӊ жергілікті климатқа, географиялық ерекшеліктеріне қашан бейімделе бастайтынын, құрылыстыӊ бірінші кезегі қашан аяқталып, қолданысқа берілетінін білудіӊ маӊызды екенін де тілге тиек етті. Бұл орайда компания өкілдеріне барлық туындаған мәселелерге қатысты өзініӊ орынбасары Серікжан Бескемпіровке, "Жетісу" ИКК" ҰҚ" АҚ мен "Алматы облысын дамыту жөніндегі "Алатау" АҚ басшылықтарына хабарласып, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

- Ортақ жұмыстыӊ арқасында жобаны сәтті жүзеге асыратынымызға сенімдімін. Сапалы өнім шығарып, тұрақты жұмыс орындары ашылғанда оныӊ нәтижесін көретін боламыз, - деді А. Баталов.

Кездесу қорытындысында облыс әкімініӊ орынбасары Серікжан Бескемпіров пен "BaumanGmbh&COKG" компаниясыныӊ бас акционері Райнер Бауман екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумға қол қойды.

Жалпы, "BaumanGmbh&COKG" компаниясы 1930 жылы құрылған, қой етін өӊдейтін Еуропадағы еӊ ірі компаниялардыӊ қатарында. Қазіргі кезде қозы етін саудалауда Германиядағынарықтыӊ 25 %, Еуропада елеулі бөлігін қамтамасыз етіп отыр. Инвестициялық жобаныӊ жалпы құны 7,1 млрд. теӊге. Бірінші кезегініӊ қуаты жылына 15 мыӊ тонна болса, 2-ші кезегі - 30 мыӊ тонна. Құрылатын жұмыс орындарыныӊ саны - 700-ден астам. 1-ші кезегініӊ жүзеге асырылу мерзімі 2017-2018 ж. Кәсіпорын өнімдері ішкі нарыққа да және экспортқа да шығарылатын болады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны