25.09.2012, 11:08 2916

Германияның Bohmer Gmbh компаниясы Қарағандыда машинажасау зауытының құрылысына 5 млн евро инвестиция салады

Қарағандыда машинажасау зауыты салынады, деп Kaznex Invest экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today - Германияның Bohmer Gmbh компаниясы Қарағандыда машинажасау зауытының құрылысына 5 млн евро инвестиция салады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағандыда машинажасау зауыты салынады, деп Kaznex Invest экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"22 қыркүйек күні Қарағандыда "Сары арқа" арнайы экономикалық аймағы аумағында жаңа машинажасау өндірісі орналасатын орынға капсула салу салтанаты өтті.

Германияның Bohmer Gmbh компаниясы мұнай және газ құбырларына, жылу және сумен қамту, мұнай және химия салаларына арналған шарлы крандар өндірісін құруға 5 млн евроға дейін қаржы салуға дайын екендіктерін білдірді.

Компания жоспарына сәйкес, зауыт заманауи жоғары технологиялы кәсіпорынды қамтиды, онда алдын ала Германияда оқытылған жергілікті кадрлар қатарынан 40 жұмыс орны құрылады.

Kaznex Invest өз тарапынан неміс компаниясына инвестициялау үрдісіне толық қолдау көрсетеді, атап айтқанда, ақпараттық-талдамалық қолдау, Қазақстанда бизнес ашу және жүргізуге байланысты мәселелерді шешу, негізгі мемлекеттік құрылымдармен кездесу өткізу, өндірісті орналастыратын оңтайлы орын таңдауға көмектесу, мемлекеттің қолдауына ие болуға ықпал ету.

Бұл жоба Қарағанды облысы әкімдігінің белсенді қолдауымен жүзеге асырылады.

Зауыт өнімдері Қазақстан нарығына, Кеден одағы елдеріне, сондай-ақ алыс шетелдерге жеткізіледі.

Bohmer Gmbh - 1956 жылы құрылған отбасылық неміс кәсіпорны. Ол Қытайдан бастап Оңтүстік Америкаға дейін көптеген елдерге жеткізілетін шарлы крандар шығарады. Компанияның өндіріс көлемі жылына 1 млн шарлы кранға жетеді. Компания өндіріс құру үшін Қарағандыда арнайы экономикалық аймақта "Бемер-Арматура" ЖШС құрды.

Kaznex Invest создано 2010 жылы 2 сәуірде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің шешімімен құрылған болатын.

Kaznex Invest является шикізат емес өнімді экспорттауды ілгерілету және дамыту бойынша ұлттық оператор және шетелдік инвесторлар тарту және жұмыс жүргізу бойынша мамандандырылған мемлекеттік компания болып табылады.Kaznex Invest республикалық бюджеттен қаржыландырылады және қайтарымсыз негізде қызмет көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны