25.09.2008, 12:25 1619

"Ғылым қоры" Ұлттық инновациялық қормен және ҚазАгроИнновациямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

"Ғылым қоры" Ұлттық инновациялық қормен және ҚазАгроИнновациямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Ғылым қоры" кеше "Ғылым және инновациялар: қазіргі ахуал және келешек" атты дөңгелек үстел барысында "Ұлттық инновациялық қор" және "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамдарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ғылым қоры" жалпы сомасы 70 миллион теңге болатын 4 жобаны қаржыландырмақшы. Бұл туралы ғылым саласындағы инновация мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде қордың басшысы Саят Нүсіпов мәлім етті. Жобаның үшеуі тау-кен металлургия өндірісінде жаңа технологияларды қолдануды көздейді, төртінші жоба қазақ тіліндегі сөзді танудың автоматтандырылған жүйесін жасақтауға арналған. Ғылым қоры 2006 жылы мемлекеттің бастамасымен құрылды, оның мақсаты - маңызды жобаларды қолдау. Бүгіннің өзінде ғылым қорына 183 тапсырыс түскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны