13.06.2011, 12:08 3661

Glencore қазақстандық ENRC компаниясын сатып алмақ

Glencor бас директоры Иван Глазенберг соңғы аптада ENRC акцияларының 45 пайызын иеленетін инвесторлармен бірқатар келіссөздер жүргізді, деп жазады Sunday Times хабар тарату көздеріне сілтеме жасап.

Алматы. 13 - маусым. Kazakhstan Today - Glencore қазақстандық ENRC компаниясын сатып алмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Glencore International Plc қазақстандық Eurasian Natural Resources Corp (ENRC) металл өндірушілеріне топтарды 12 млрд фунтке (19,5 млрд доллар) сатып алу туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі Sunday Times-ке сілтеме жасай отырып хабарлаған.

Glencor бас директоры Иван Глазенберг соңғы аптада ENRC акцияларының 45 пайызын иеленетін инвесторлармен бірқатар келіссөздер жүргізді, деп жазады Sunday Times хабар тарату көздеріне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, дереккөздің хабарлауы бойынша, Глазенберг сондай-ақ ENRC-тің 12 пайыз үлесі тиесілі Қазақстан үкіметімен келісім мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізді.

Басылымның хабарлауынша, Glencore әзірге ресми ұсыныс жасаған жоқ.

Glencore International AG (GECR ) - шикiзат тауарлары мен сирек кездесетiн материалдармен жабдықтаушы әлемдегі ең iрi швейцарлық трейдингтік компания.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны