01.12.2012, 17:52 3021

"ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ жай акциялары үшінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қарашадағы шешімімен "ГНПФ" жинақтаушы ашық зейнетақы қоры" АҚ (Алматы) KZ1C32150019 (ISIN - KZ1C00000884) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді.

Алматы. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ жай акциялары үшінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қарашадағы шешімімен "ГНПФ" жинақтаушы ашық зейнетақы қоры" АҚ (Алматы) KZ1C32150019 (ISIN - KZ1C00000884) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді.

Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін күні туралы, аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады.

KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығын бақылау және қадағалау комитетінің бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы 2008 жылдың 18 желтоқсандағы куәлігіне сәйкес "ГНПФ" ЖЗҚ АҚ жарияланған акцияларын шығару 8 680 000 жай акцияға бөлініп, KZ1C32150019. ұлттық сәйкестендіру номері берілді. Шығарылым А3215 номерімен эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

"ГНПФ" ЖЗҚ АҚ акцияларын ұстаушылар жүйесінің үзінді көшірмесіне сәйкес 2012 жылдың 01 қазандағы жағдай бойынша барлық жарияланған акциялар орналастырылған.

"Отан" ЖАЗҚ АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ (Алматы) болып табылады.

Аталмыш облигациялардың қысқаша атауы (сауда коды) GNPF.

Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны