22.12.2006, 15:08 3480

Гонконг қор биржасы Қазақстанның компанияларымен ынтымақтастықтан мүдделі

АСТАНА. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. Гонконг қор биржасы Қазақстанның компанияларымен ынтымақтастықтан мүдделі. Бұл туралы Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Гонконг қор биржасында болған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде Гонконг қор биржасының биржаның бас атқарушы директоры Пол Чоу мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Гонконг Қор биржасында Сянган банк-қаржы құрылымдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу кезінде биржаның және "UBS Asset Management" компаниясының Азия-Тынық мұхиты өкілдігінің қызметі туралы бейнекөрсетілімнің тұсаукесері болды.

- Біз қазақстандық компаниялар үшін Гонконг қор биржасында өз акцияларын орналастыру қызығушылық тудырады деп үміттенеміз, - деді биржаның бас атқарушы директоры Пол Чоу.

- Біз үшін Гонконгтың қаржы, инновация, технология және ақпарат салаларындағы тәжірибесі аса бағалы. Сянгандық кәсіпкерлер аса қолайлы инвестициялық ахуал жасалған Қазақстанда өз инвестицияларын белсенді түрде салып, өз ноу-хаулары мен басқару тәжірибесін пайдаланатын болады деп үміттенемін. Өз кезегінде қазақстандық компаниялар да Гонконгтың қор рыногына тезірек шыға алатын болады. Қазақстан мен Сянган арасында іскерлік ынтымақтастықты жандандыру үшін жағдай жасау аса маңызды болмақ, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сянган арнайы әкімшілік ауданы әкімшілігінің басшысы Дональд Тсангпен де кездесті.

- Біз Қазақстанның табыстары мен жетістіктерін жіті бақылап отырмыз. Тәуелсіздіктің 15 жылы ішінде сіздер көп нәрсеге қол жеткіздіңіздер. Сіздер әлемдегі аса қарқынды дамыған экономикасы бар мемлекет құруға қол жеткіздіңіздер. Сондай-ақ сіздер қазір Алматыда өңірлік қаржы орталығын құрып отырсыздар. Осының барлығы да біздің алдымыздан инвестициялық ынтымақтастық үшін зор мүмкіндіктер ашады, - деді Д.Тсанг.

- Бүгін біз елдеріміз ынтымақтастығы жаңа кезеңінің басталғанына куә болып отырмыз. Бұл кезең - саяси сенімді нығайту мен өзара іс-қимыл салаларын кеңейте түсу кезеңі. Бізде барынша тығыз ынтымақтастықтың, ең алдымен, қаржы-экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар. Сондықтан, бүгін біз қол қойған келісімдер екіжақты байланыстарға жаңа қарқын қосады, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны