15.09.2016, 12:37 3508

Гонконг өкілдері Қазақстанныӊ инвестициялық ахуалымен танысты

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек ҚХР Гонконг қаласыныӊ қаржы мәселелері жөніндегі хатшысы Джон Цанг бастаған делегациямен кездесті.

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек ҚХР Гонконг қаласыныӊ қаржы мәселелері жөніндегі хатшысы Джон Цанг бастаған делегациямен кездесті. Гонконгтан келген делегацияныӊ негізгі мақсаты - Қазақстанныӊ инвестициялық ахуалымен және инвестиция салуға болатын жобалармен танысу, деп хабарлады ведомство.

Екіжақты кездесу барысында Гонконгтық тарап Қазақстанға келгендегі негізгі жұмыстарын айтып, алдағы жоспарларымен таныстырды. Қазақстандық тарап елімізде инвестициялық климаттыӊ жақсарғаны туралы, инвесторларға қолайлы жағдайлар жасалғаны жөнінде және инвесторлардыӊ құқығын қорғауда қатаӊ талаптар әзірленгенін таныстырды. Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақстан Республикасына Гонконгтан келген тікелей шетелдік инвестиция 2005 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта 98,3 млн. АҚШ долларын құраған. Ал, Қазақстаннан Гонконгка бағытталған тікелей инвестиция дәл осы жылдары 107,1 млн. АҚШ долларына теӊ болған.

Кездесуге Қазақстан тарапынан Гонконг қаласындағы Қазақстан Республикасыныӊ Бас консулы Инуарбек Арынғазинов, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетініӊ төрағасы Бекен Сейдахметов, ҚР ИДМ Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментініӊ директоры Гүлдана Садықова, ҚР ИДМ Инвестиция комитеті төрағасыныӊ орынбасары Қайрат Қарманов, ҚР ИДМ Индустрия және туризм департаменті төрағасыныӊ орынбасары Темірғали Тырмышев қатысты. Ал, Гонконг тарапынан "Бір белдеу, бір жол" стратегиясын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі уәкіл Ивонна Чой, Гонконг халықаралық арбитражды орталық басқарма төрағасы Тереза Чэн сияқты он шақты бизнес өкілдер қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны