18.02.2008, 17:51 2860

Грузия қазақ бидайының жеткізілуіне мүдделілік танытты

Грузия қазақ бидайының жеткізілуіне мүдделілік танытты


Астана. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов пен Грузия Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Петере Цискаришвилимен өткен кездесуінде Грузия қазақ бидайын жеткізілуіне мүдделілік танытты, деп хабарлады агенттікке ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастар соңғы 3-4 жылда қарқынды дамып, Грузияға сатылатын тауар көлемі артты. Былтыр 200 мың тоннаға жуық астық пен ұн сатылған. Соңғы (2005-2007 ) жылдары сатылған өнім көлеміне тоқталатын болсақ, астық 7,4 есе, ұн 7,5 есе көбейген. Биылдың өзінде 30 мың тоннадан астам астық пен 10 мың тоннаға жуық ұн экспортталған. Грузия бір жылда 550-600 мың тонна ұнды сырттан сатып алса, жалпы тұтыну көлемі 800 мың тоннаға жуық. Оның 20 пайызын өзі өндіреді.

Ахметжан Есімов Грузия халқына қажетті астық мөлшерін келер жылдан бастап ертерек келісім жасауға шақырды. Қазақстан Грузияның Поти қаласындағы (теңіз айлағы) астық терминалының құрылысын жүргізіп жатыр. Грузия біздің елімізге экспорт мөлшерін көбейтіп, цитрусты жеміс-жидектер мен көкөністер тасымалдауды жоспарлап отыр.

Кездесуден кейін Грузияның ауыл шаруашылығы министрі Петере Цискаришвили : "Қазір әлемдік астық нарығында күрделі жағдай туындап отырғанын білеміз. Екі ел арасындағы жақсы қарым-қатынас қалыптасқандықтан, Қазақстан Грузияға өте үлкен көлемде инвестиция салып отыр. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласына және басқа да салаға. Сондықтан біз алғашқы әріптестік өтінішімізді Қазақстанға жеткіздік. Біздің ішкі сұранысымыз тым үлкен болмаса да Қазақстан астығын сатып алғымыз келеді. Ең бастысы, бағаның қымбат болатынын білеміз, бірақ өте жоғары болмаса дейміз. Өйткені, бұл әлеуметтік жағына кері әсер тигізетіні анық. Біздің мақсатымыз осы мәселені шешу"-деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны