09.04.2010, 14:07 3285

Грузия премьер-министрі Қазақстан компаниялары Грузия экономикасына капитал салымдарын арттырады деп үміттенеді

Грузия премьер-министрі Қазақстан компаниялары Грузия экономикасына капитал салымдарын арттырады деп үміттенеді

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Грузия премьер-министрі Николоз Гилаури Қазақстан компаниялары Грузия экономикасына, соның ішінде туризм, энергетика және ауылшаруашылығы салаларына капитал салымдарын арттырады деп үміттенеді. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездесу қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан компаниялары расында да түрлі салаларға ауқымды капитал салды, атап айтсақ, туризм және өнеркәсіп салалары", - деді Н. Гилаури.

"Біз осындай салымдар көлемі келешекте де өсе түседі деген үміттеміз", - деді ол.

Оның айтуынша, Грузиядағы ең келешегі зор инвестиция салу салалары туризм, энергетика және ауылшаруашылығы салалары болмақ. "Бұл салалар Қазақстанның іскерлік ортасы үшін біршама тартымды болмақ", - деді Грузия премьер-министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны