09.04.2010, 12:42 3788

Грузияда Қазақстан астығы үшін арнаулы қойма салынады

Грузияда Қазақстан астығы үшін арнаулы қойма салынады

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Грузия аумағында Қазақстан астығы үшін арнаулы астық қоймасы салынады. Бұл туралы Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Грузияның премьер-министрі Николоз Гилаури бүгін келісімге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Екі жақты кездесу қорытындысы бойынша Н. Гилауридің хабарлауынша, келіссөздер барысында "Грузия аумағында Қазақстан астығы үшін арнаулы астық қоймасын салу жайлы сөз қозғалды". Грузия премьер-министрінің бағалауынша, бұл шара "Қазақстанға тауардың аталған түрін жөнелту жолдарын әртараптандыруға мүмкіндік береді". Сондай-ақ, Н. Гилауридің айтуынша, тараптар Қазақстан үкімет басшысының алдағы Грузияға сапары жайлы талқылады, сапар ағымдағы жылдың тамыз -қыркүйек айларына межеленген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР премьер-министрі К.Мәсімовтың шақыруымен 8-9 сәуірде Грузияның премьер-министрі Николоз Гилауридің Астанаға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жоспарланған келіссөздер барысында екі елдің үкімет басшылары қазақстан-грузин іскер ынтымақтастығының жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ экономикалық дағдарыстың салдарын бірлесіп жеңу үшін қажет шараларды талқыға салады.

Сапардың қарсаңында, 7 сәуірде Астана қаласында қазақ-грузин сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тараптар өзара іскерлік серіктестікті дамытуға қызығушылық білдіреді, оның ішінде отын-энергетикалық, транзит-көлік, телекоммуникация, банк саласы, сондай-ақ ауыл шаруашылық, туризм, құрылыс және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық бар.

Н.Гилауридің Қазақстанға сапары Қазақстан мен Грузия арасындағы серіктестіктің дамуына жаңаша серпін беруге және екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны